-18.1 C
Алматы
Понедельник, 19 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал ауданаралық ауруханасына медициналық құрал-жабдықтар табысталды

    Арал ауданаралық ауруханасына «Аралтұз» АҚ мен «Аралсода» ЖШС-нің
    демеушілігімен алынған медициналық құрал-жабдықтар табысталды.
    Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауруханаға қажетті заттарды алуға
    ауқымды қаржы бөліп, демеушілік жасағаны үшін компания басшыларына аудан
    халқының атынан алғысын жеткізді. Сонымен қатар, аудан басшысы халықтың саулығы
    үшін қызмет етіп жүрген ақ халатты жандардың жұмыстарына табыс тіледі.

    Аралтұз АҚ мен «Аралсода» ЖШС бюджетінен бөлінген 50 миллион теңге
    көлеміндегі ақшалай қаражатқа ауданның провизорлық стационарларының қажеттіліктері
    анықталып, керекті медициналық құралдар мен материалдар алынды. Қайырымдылық
    көмек аясында 23 оттегі концентраты, 200 медициналық төсек пен 400 төсек орын
    жабдығы, 200 медициналық қорғаныс құралы мен маска жиынтықтары табыс етілді.
    Көмек көрсетудің келесі кезеңінде, яғни, қыркүйек айында 2 жедел жәрдем
    машинасы, 100-ден астам газ баллон, сәулелендіргіш, медициналық функционалды төсек
    ауруханаға берілетін болады.

    Айта кетейік, ауруханаға берілген төсек жабдықтарының барлығы «Арал қаласы
    бойынша мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді қолдау мен қорғау бірлестігінің» төрайымы
    Индира Жұмашеваның тігін шеберханасында тігілген.

    «Біз бәріміз де Қазақстанда тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Бұл біздің үйіміз.
    Осында менің жақындарым, менің балаларым өмір сүреді. Әлеуметік жауапты
    компанияның басшысы ретінде мен де ұжым да қалыс қала алмаймыз. Арал ауданында
    шұғыл медициналық қажеттіліктердің бар болғанын түсіне отырып, аудандық аурухана
    үшін медициналық жабдықтарды сатып алуға шешім қабылдадық. Компания тобы Арал
    тұрғындарына барынша көп қолдау мен көмек көрсетуге тырысуда», – дейді «Аралтұз»
    АҚ Президенті Айдынбек Тауасаров.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық белсенді азаматтарға «Халық алғысы» медалін табыстады

    Фариза

    Жоғалғанына үш күн болған жүкті келіншекті полиция қызметкерлері әлі де таппай жатыр

    Сыр еліне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.