-9.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты.

     

    «Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды» -деді.

     

    Мониторинг жүргізілген нысандар қатарында 4548-і тағам нысандары болса,  3844 — коммуналдық нысандар.

     

    Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

     

    карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың,

    сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;

    қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс

    жұмыс жасауы;

    қызметкерлердің,  жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде

    режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

    Г. Капал

    қатысты посттар

    Шымкент: «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды

    Фариза

    Шымкентте бір күнде 63 тонна қырыққабат тегін таратылды

    Фариза

    Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.