9.8 C
Алматы
Четверг, 10 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих

    Шымкентте «shymkent bike» жобасы іске қосылады

    Шымкент қаласында үлкен магистралды көшелерге  веложолақтар салынып жатыр. Жұмыстар толығымен аяқталар болса тұрғындар велосипедті қоғамдық көлік ретінде қала аумағында пайлануына мүмкіндік туады.  

    «Shymkent bike» әлеуметтік-инновациялық жобасы шеңберінде 200 велосипедті құрайтын 40 велостанция іске қосылуға дайын тұр. Алдағы 1,5-2 айдың көлемінде велосипедтер тұрғындар игілігіне беріледі деп күтілуде.

    Жоба аясында  пайдаланушылар үшін қолжетімді және ыңғайлы тарифтік жоспарлар әзірленген. «Bike Sharing» жүйесі арқылы тұрғындар мен қала қонақтары велосипедті жалға алудың алғашқы 30 минутында тегін айдай алады. Яғни, велосипедтерді жақын орналасқан станцияларда алмастырып, ұзақ уақыт бойы тегін қолдануға  мүмкіндік болады.

     

    Абоненттік төлем:

    1 айлық абонемент – 2500 теңге;

    3 айлық абонемент – 6000 теңге;

    1 жылдық абонемент – 10 000 теңге.

    Тарифтер:

    1 сағ. – 100 теңге

    2 сағ. – 250 теңге

    3 сағ. – 500 теңге

    3 сағаттан асса1000 теңгеден болады деп жоспарланған.

    Г. КАПАЛ

     

     

    қатысты посттар

    Шымкент: №9 емханада күндізгі стационарда 44 төсек орын әзірленген

    Фариза

    Бердібек Сапарбаев: Вакцинация – қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы

    Фариза

    Шымкентте 200 отбасына планшет таратылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.