-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Жолаушылар үшін тасымалдаушы компанияларға бетперде берілген

    Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.

    – Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаладағы қоғамдық көліктердің санитарлық нормаларға сай келуін бақылайтын 11 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Нәтижесінде талапқа сай жұмыс істемей жатқандар кездесуде. Яғни, кей күндері амалсыз 3 көлік жүргізушісімен келісімшартты бұзған сәттеріміз болуда. Бұл ретте тасымалдаушы компанияларға арзан бағада бетперде әпергенімізді айта кетейін. Егер жолаушы бетпердесін ұмытып кеткен жағдайда көлік жүргізушісінен сатып ала алады. Бағасы 50 теңгеден аспауы тиіс, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

    Одан бөлек, брифингте қала әкімінің орынбасары қоғамдық көліктердің жүру уақытының ара қашықтығы жөнінде мәселе көтерген БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.

    – Қалада 24 тасымалдаушы компания бар. Оның 3-еуі ғана өз бағыттарын дұрыс ұстайды. Қалғандары кейде жүру уақыттарын 40%-ға дейін төмендетіп жібереді. Себебі жүру тәртібін бұзбайтын 3 тасымалдаушы компания мемлекеттік бюджеттен субсидияланады. Ал жақында электрондық жүйеге көшкен соң, қоғамдық көліктер 90 пайыз жаңа болады және тасымалдаушы компаниялардың бәрі мемлекеттен субсидияланады. Нәтижесінде бұл мәселе толықтай шешіледі, – деді М.Исахов.

    Брифинг барысында Талғат Байжанұлы қаладағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесін енгізу үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Шымкент: Асар шағынауданындағы 100 отбасы жұмыспен қамтылады

    Фариза

    Жамбыл облысы қаржыландырылған бизнес-жобалар саны бойынша екінші орында

    Фариза

    Тараздықтар халық санағына белсенді қатысты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.