21 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Сырдариядағы мәдениет үйі жөндеуден өтуде

    Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы басты мәдениет ошағы саналатын
    аудандық мәдениет үйі биыл аудандық бюджеттің есебінен ағымдағы жөндеуден өткізіліп
    жатыр.

    Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында
    облыстық бюджеттен Тереңөзек кенті клубы мен А.Тоқмағамбетов ауылындағы мәдениет
    үйі күрделі жөндеуден өткізілуде. Ал, жергілікті бюджет есебінен аудандық мәдениет үйі
    және Қалжан ахун ауылдық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтуде.

    Аудандық мәдениет үйі 1973 жылы салынған. Бұған дейін 2013 жылы күрделі
    жөндеуден өткізілді. Ал, биыл аудандық бюджеттен 12 млн 320 мың теңге бөлініп,
    мердігер компания «Ремстрой» ЖШС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Мердігер
    мекеме директоры А.Бейісов ағымдағы жөндеуді бекітілген мерзімде бітіруге жұмыстар
    жасалып жатқандығын айтады. Қазіргі таңда мәдениет үйінің шатыры жаңартылып,
    ғимарат іші жөнделуде.

    қатысты посттар

    Сыр өңірінде дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

    Фариза

    Қызылорда қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің саны артуда

    Фариза

    Сарапшылар жұмыртқа бағасы 700теңгеге дейін өсуі мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.