25.4 C
Алматы
Пятница, 6 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті

    Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралғанмобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасызетті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлікесепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп берген.

    Мобильді топ  қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жсайды. Бүгінгі таңға дейін 17 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.

    Қазір қаладағы емханаларда 211 мобильді топ қалатұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.

    Бұдан бөлек, мамандар 608 831 адамға медициналыққажеттіліктері бойынша қоңырау шалған.

     

    Айта кету керек, мобильді топтар халыққа мынандайқызметтер көрсетеді:

    — науқасты тексеру, оның жағдайын бағалау;

    —  COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу;

    — көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесекомпьютерлік томографияға жолдама беру;

    — қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайдаимпульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастыру;

    — «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен еміүшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектердітағайындау;

    —  үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселенішешу.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Қызылордада 602 көп балалы отбасына кәсіп ашуға қайтарымсыз грант берілген

    Фариза

    Арыстық балалар Таразда демалады

    Жуалыда ғылыми негізде элита тұқымын өндіретін шаруашылық құрылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.