-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

    Шынында да, электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша сұрақтарға жауап беруші «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің Басшының орынбасарыАбдыханов Динмухаммед Сермаганбетулы.

     — Динмухаммед Сермаганбетулы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін түсіндіріп берсеңіз. Жаңарту қанша тұрады, қанша күнде алады, мысалы техникалық шарт?

    Электр энергиясын пайдалану қағидаларынның 13 тармағына сәйкес Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысандағы өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде тұтынушымен теңгерімдік тиесілігін мен тараптардың жауапкершілігін ажырату актісі менен жаңа немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді.

    Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін, тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

    Техникалық шарттарды,энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуға мүмкіндігі болғандпжасайды.

    Ал егер электр желілергеқосылуға мүмкіндігі болмаса, техникалық шарттар, жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін, жобаланатын желілерден беріледі.

    Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

    Тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беру қандай тәртіпте және мерзімде жүргізіледі?

    1. Ол біріншіден құрылыс-монтаж ұйымы (заңды тұлғалар үшін) немесе тұтынушы (жеке тұлғалар үшін) энергия беруші ұйымға, техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы,құжаттарды қоса бере отырып хабарламаны (еркін нысанда) жазады.
    2. энергия беруші ұйым:

    хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, сыртқы қосылуды және орындалған жұмыстардың берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексереді;

    хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, тұтынушылардың электр қондырғыларына кернеу беруді, Счетчик пломбаланған соң жүргізеді, пломбалау актісін береді;

    Счетчикті пломбалау актісі берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, энергиямен жабдықтаушы ұйымға тұтынушылармен электрмен жабдықтау шартын жасау үшін құжаттарды жібереді.

    энергия беруші ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.

    Осы Қағидаларда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

    Егер, Энергиямен жабдықтаушы ұйым, тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 172 бабының 6 тармағына сай, әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

    Электр энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға негізгі сұрақтар шағын және орта бизнестерінен келеді.Қандай жаңа енгізулер кәсіпкерлерді қуанта алады?

    ҚРда электрмен жабдықтауға қосылу бойынша қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылған, заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

    Атап айтқанда, Электр энергисиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін  техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды.

    Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.

    Енді жобалаушыға, сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті.

    Сонымен қатар, электр желілеріне қосылуға — мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.

    Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен, электрмен жабдықтауға арналған шартты жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылған.

    — Сұхбатыңыз үшін рахмет!

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 148 талапкер әкім грантын иеленді

    Фариза

    Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    Депутат Қайрат Құдабергенді ҰҚК мен прокуратура тергеуге шақырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.