Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтау тұрғындары педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады

    Ақтауда куәгерлер педофил болуы мүмкін ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Qazweek.kz  тілшісі инАктау басылымына сілтеме жасап.

    Оқиға 29 шілдеде күндіз болған. Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    «Осы жылдың 29 шілдесінде шамамен 13:00-де Ақтау қаласының полиция басқармасына белгісіз ер адам балалар алаңқайында ойнап жүрген баланы алып кетті деген хабарлама түсті. Әрі қарай ол баланы үйдің кіреберісіне кіргізіп, азғындық әрекет жасамақ болған. Оқиға орнына полиция наряды шықты. Тергеу шаралары кезінде күдікті ұсталды», — деп хабарлады полициядағылар.

    Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды алып кеткенде көршілері оны қорқытқан. Күдікті қашуға тырысқан, бірақ қыздың көршісі оны қуып жетіп, полиция наряды келгенше ұстап тұрған.

    қатысты посттар

    «Ащы шындық неге айтылмайды?» Естір құлағы жоқ әкімдіктен қайыр таппаған Мақтаарал тұрғындары енді Тоқаевтан көмек сұрауда

    Фариза

    Бір топ ақын-жазушы Тоқаевқа хат жазып, диссидент Арон Атабекті босатуды сұрады

    Фариза

    «Дәрігер болғаныма өкінемін»: Атыраудағы нәресте өліміне қатысты сот ісі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.