1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ҚАЗНЕТТЕ ТАРАЛҒАН БЕЙНЕЖАЗБАҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕ БЕРІЛДІ

    Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалдарға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов жауап берді.

    – Сірке қышқылықоспасын көп қабатты тұрғын үй аулаларына (1 156 аула) және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарғаарнайы су шашатын құрылғылармен қолданылады. Жұмыс концентрацияларында қолданылатын (0,001–0,03%) НУК ерітінділерінің өткір иісі жоқ, жергілікті тітіркендіргіш, сенсибилизациялайтын және кумулятивті әсері жоқ және тыныс алу органдарына травматикалық әсер етпейді.Яғни сұйылтылған түрінде уыттылығы аз заттар болып табылады. Қазіргі таңда қаланы залалсыздандыру жұмыстарына екі түрлі қоспа қолданылуда. Атап айтқанда, гипохлорид кальций 35% (хлор) және сірке қышқылы (надуксусная кислота). Жоғарыда аталған екі қоспаның да тиісті сараптамалық қорытындысы бар, – деді Б.Малимов.

    Яғни, бейнежазбада көрсетілген Еңбекші ауданында әскерилержасаған дезинфекциялық жұмыстарына сірке қышқылы (надуксусная кислота) қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұның сумен араласқаннан кейін иісі болмайды, түсі де өзгермейді. Адам ағзасына кері әсері жоқ, қоршаған ортаға қауіпті емес. Бір тиімділігі бактерияларды тез арада өлтіреді. Айта кетейік, аталған сұйықтық дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген, арнайы сертификаты бар. Бірақ бейнежазба барысында бұл жөнінде әскерилер дер кезінде жауап бере алмаған.

    Әскерилердің бейнежазба авторының сауалдарына жауап бере алмауының себебі олардың құрылғысына сірке қышқылы араластарылған арнайы суды әкеп береді екен.

    Жауаптылардың сөзіне сенсек, сірке қышқылын еліміздің өзге де өңірлерінде коронавирусқа қарсы кеңінен қолданып жатыр. Бүгінде нәтижесі де жаман емес.

    – Қазіргі таңда Шымкент қаласында індеттің өсу динамикасы төмендеуде. Бұл – атқарылып жатқан санитарлық жұмыстардың нәтижесі. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазба жайында айтсам, залалсыздандыру заттарын қарапайым халық пайдалануға болмайды. Дезинфекциялық заттардың үш түрі болады. Дезинфекция микроорганизімдерге, дезинцекция жәндіктерге және үшінші түрі – дератизация, – деді Ғ.Мотайұлы.

    Сондай-ақ, брифингте әлеуметтік желіде бейнежазбаавторынаарнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілгені және дезинфекциялық заттардың сараптамалық қорытындысы бар екені айтылды. Сонымен қатар БАҚ өкілдері тарапынан қосымша қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

    қатысты посттар

    Қала әкімдерінің рейтингінде үздік үштікке кімдер кірді?

    Басты саланың басым бағыттары

    Шымкентте емханаға тіркелу науқаны басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.