4 C
Алматы
Пятница, 18 октября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өткізді

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен
    Қызылорда қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жиын өтті. Жиында қала
    әкімі Нұрлыбек Нәлібаев індеттің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды
    мәлімдеді.

    Бүгінгі күнге дейін облыс орталығында коронавирус, пневмония диагнозымен
    және ОРВИ инфекциясымен 1966 адам тіркелген.

    Коронавирус жедел респираторлы аурулар мен пневмонияға байланысты
    тұрғындар тарапынан шақыртулардың күрт көбеюіне байланысты мобильді дәрігерлерді
    тасымалдау шаралары да қоса ұйымдастырылды. Оған әкімдікке қарасты 30-ға жуық
    қызметтік көлік тұрғындарға күнделікті жедел қызмет көрсетуге жұмылдырылды.
    Кәсіпкерлер мен еріктілердің тарапынан да 20-ға жуық көлік оттегі баллонын жеткізу мен
    тағы да басқа қызметтер бойынша көмек көрсетті. Сонымен қатар 27 кәсіпкер 52 млн.
    теңгеге 77 дана оттегі концентраторы мен 850 дана оттегі баллонын қаладағы
    ауруханаларға жеткізген.

    Қызылорда», «Арбат», «Бәйтерек» қонақ үйлері иелерінің демеушілігі мен
    қалалық «Сырдария» тынығу лагері, қалалық ардагерлер үйі, ҚМУ №4 жатақханасына 401
    медициналық қызметкер орналастырылды.

    Бұдан бөлек, қала кәсіпкерлері арқылы 10 мың дана медициналық бетперде қала
    тұрғындарына тегін таратылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де волонтерлар
    арқылы дәрі-дәрмектер жеткізілуде.

    Жиында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова әлі тұрғындар арасында сақтық
    шаралары дұрыс сақталмай отырғанын айтты.

    «Қазіргі таңда тұрғындар арасында әлі де сақтық шараларына бейқамдық танытып
    жүргендер бар. Жыл соңына дейін ас беру сияқты жиындарды тоқтату керек. Мобильді
    топтарды түсіндірме жұмыстарына араластырып, халыққа кеңінен ақпарат беру қажет», –
    деді облыс әкімі.

    Мәжілісте аймақ басшысы облыс орталығындағы провизорлық орталықтардың
    жеткілікті болуына баса мән беру керектігін де сөз етті. Ол үшін қажетті ғимараттар, төсек
    орындармен қамтамасыз ету мәселесін ұдайы назарда ұстау керектігін ескертті.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

    Фариза

    Дубайда қазақстандықтардың миллиард долларлық жылжымайтын мүлкі бар – зерттеу

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан білім беруге 222 мектеп толықтай дайын

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.