-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты селектор өтті

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен
    селекторлық режимде Жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты мәжіліс
    өтіп, аудан әкімі Асылбек Шәменов індеттің алдын-алу және таралуын болдырмау
    мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

    Бүгінгі күнге ауданда коронавирус инфекциясымен 92 науқас тіркеліп отыр. Індет
    инфекциясынан бүгінде 63 науқас емделген. Ал, пневмония диагнозымен 129 адам
    тіркеліп, 65 науқас жазылып шықты.

    Індетпен күресті жүйелі жүргізу үшін Мәдениет ауылдық ауруханасынан
    провизорлық және КВИ стационарлар ашылған. 20 орынға арналған аурухананың төсек
    қоры ұлғайып, 105-ке жеткізілді. Жалпы аудан бойынша 235 төсек қоры бар. Провизорлық
    стационарларды әлі де көбейту үшін аудандағы мектеп ғимараттарын пайдаланылу ісі
    шешімін тапты. Қажет болған жағдайда Жалағаш кентіндегі №246 орта мектеп
    ғимаратынан 80 адамға, «Ақтерек» сауықтыру лагерінен 50 адамға және Аққұм ауылдық
    ауруханасынан 20 адамға арналған провизорлық стационарлар пайдалануға беріледі.
    Ауданда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және науқастардың
    тұрақты ем алуы үшін 4 мектептен емшара бөлмелері ашылып, халыққа қызмет етуде.
    Қазіргі күні ауданда 4 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істеп, 5 оттегі
    концентраты, 40 оттегі баллондары алынып, емдік шаралар жүргізілуде.
    Ауданында 100 төсектік аудандық аурухана құрылысы басталған. Бұл ретте 2019
    жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жыл аяғына дейін
    пайдалануға берілмек.

    Мәжілісте аймақ басшысы аудан әкіміне дәріханалар мен ауруханаларға қажетті
    дәрі қорын бірнеше айға толықтыруды және дистрибьюторлармен келісімге келіп,
    халыққа аса қажет дәрілерді уақытылы жеткізу керектігін атап өтті. Сонымен қатар,
    стационарларды көбейтуді және ақпараттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
    «Қажет болған жағдайда инфекциялық, провизорлық стационарлар жеткілікті
    болу керек. Алыс елді-мекендерде көмек көрсетуге мобильді топтардың санын көбейттік.
    Енді сапалы жұмыс жасаңыздар. Халықтың өзін-өзі оқшаулап, сақтық шараларын
    сақтауға насихаттайтын ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіңіздер. Әсіресе жерлеу
    рәсімдерінде адам көп жиналады. Сол себепті бір медицина қызметкерін бақылауға
    жіберіңіздер», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Аралда 16 жоба жүзеге асады

    Фариза

    Студенттер «қаңғырып» жүр: «Студенттік баспана» бағдарламасына бөлінген қаражат қалай игерілді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.