-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында жедел жәрдем шақыру 2 есеге азайды

    Қызылорда облысы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кездері, яғни, шілде айының бірінші 10 күндігінде тәулігіне 2500-ден астам шақыртулар келіп, жүктеме 2 есеге артқан болатын.

    Жедел жәрдем қызметінің артуына байланысты облыстағы барлық емханалар жанынан барлығы 161 мобильді топ құрылып, халыққа қызмет көрсетуде. Қазіргі таңдағы мобильді топтың жедел халыққа қызмет етуі әсерінен және ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды.    

     Жедел жәрдемді жалпы шақырыс 2 есеге азайса, дене қызуымен хабарласушылар 3 есеге, пневмониямен шақыртулар 2,5 есеге азайды. Қазіргі таңда шақыртулар саны тәулігіне 1200-1300-ді құрауда.

    қатысты посттар

    Сот «саяси тұтқын» Кенжебек Әбішевтің ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды

    Фариза

    Қызылордада медицина саласының қызметкерлері марапатталды (ФОТО)

    Фариза

    Қазалыда қызметтік көліктер жедел-жәрдем қызметін атқарып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.