-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласының шет аймақтарына залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

    Еліміздегі карантин режимінің қатаңдауына байланысты қаламызды инфекциядан
    залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

    Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес белгіленген арнайы кестеге сай инфекция
    таралуының алдын алу үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскерилер және

    «Қызылорда тазалығы» мекемесі күнделікті дезинфекциялау жұмыстарын жасауда.
    Залалсыздандыру қаланың шет аймақтарындағы Гагарин және Титов
    қыстақтарында жүргізілді. Дезинфекциялау жұмыстары көп қабатты үйлердің аулалары,
    кіре берістері, балалар ойын алаңдары, дүкендер мен сауда орындары, аялдамалар мен
    қоқыс жәшіктері, халық көп шоғырланатын жерлер және Сәулет мөлтек ауданына қарасты
    көшелерге жасалды. Бұл жұмыстар әрі қарай да қала әкімдігінің бекіткен кестесіне сай
    кезең кезегімен атқарылып, қала аумағы толығымен дезинфекцияланады.

    Карантин режимі енгізілгеннен бастап бүгінге дейін қаламыздағы адам көп
    шоғырланатын орындар мен тұрғын үйлердің аумақтарына бірнеше мәрте
    дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, 6,5 млн. жуық аймақ залалсыздандырылды. Вирус
    ошағы анықталған жерлерге үздіксіз дезинфекциялау жүргізілуде. Бұл жұмыстарға
    барлығы 81 адам, 8 техника жұмылдырылған. Бұған қоса халық нөпірі көп жерлердегі
    қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 10 дезинфекциялау тоннельдері орнатылған.

    қатысты посттар

    Сырдария ауданында жол жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

    Фариза

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    «Байқоңырда қорқынышты жағдайлар орын алып жатыр»

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.