-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН 3 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚҰТЫДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

    Шымкент қаласының қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталды. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов Үкіметтің селекторлық отырысында мәлімдеді. Жиында қалада атқарылып жатқан эпидемияға қарсы шаралар мен Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

    Онда әкім қаладағы дәрі тұрақтылығын сақтау мақсатында Үндістан, Ресей, Украина мен Өзбекстан елінен 2 млн 676 мың флакон бірінші кезектегі дәрі-дәрмек пен 16 млн 700 мың маска жеткізілгенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысының халықты дәрі-дәрмекпен қамту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қалада төрт мониторинг тобы құрылып, 348 дәріханаға тексеру жүргізілді. Нәтижесінде заңсыз дәрі-дәрмек сатумен айналысқан 50 дерек анықталды. Оның ішінде 12 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды. Қалада көтерме дәрі-дәрмек сатумен айналысатын 10 ірі фармкомпания және 560 дәріхана жұмыс істейді. Шетелден дәрі-дәрмек алып келуге аталған фармкомпанияларға бір жолғы рұқсат берілді», — деді қала басшысы.

    Жалпы бүгінде қала қоймаларында бір айлық дәрінің қоры жасақталған.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

    Фариза

    Тері өнеркәсібі түлеп келеді

    Қызылорда: Қазалылық тұрғын мемлекеттік бағдарлама аясында 500 бас қой сатып алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.