-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қатесіз қазақ тілі

    «Орысшаны халық түсінбей отыр» – Балаева баяндаманы қазақ тілінде айтуды талап етті

    Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева баяндамашыларға қазақ тілінде сөйлеу керегін ескертті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агентігі Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

    «Барлық баяндамашыларға айтарым, слайдтың бәрі орысша болғаннан кейін өздеріңіздің баяндамаларыңызды қазақша жасауға болады ғой. Себебі,  жиналысымыз Facebook-те онлайн форматта өтіп, халыққа тікелей көрсетіліп жатыр. Бұған қоса, біз халықты ақпараттандыру проблемасын айтып отырмыз. Ал мемлекеттік тілде ақпарат жеткілікті деңгейде емес. Жұмысымыз орыс тілінде жүргізілгеннен кейін халық түсінбей отыр», – деп министр.

    Министрдің айтуынша, баяндамашының слайды орыс тілінде болса, баяндамасы қазақ тілінде болуы тиіс.

    «Слайдтар орыс тілінде болса, баяндаманы қазақша жасауға болады. Не болмаса слайдтарды қазақша, баяндаманы орысша жасасақ. Комиссия мүшелері және баяндамашылар осы мәселені қаперде ұстауы міндетті», – деді Аида Балаева.

    Жиында Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қолжетімділік, мемлекеттік органдардың ашықтығы, өткен жылдың қорытындысы, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасының жұмысы талқыланды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалықтарды Қазақстан халқы тілдері күніне мерекесімен құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.