Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 150-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

    Облыста наурыз айынан бастап 234 мың шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Усаин Медет баяндады.

    «Қазіргі таңда індеттің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. Әсіресе, облыс орталығының халық көп шоғырланған аумағына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін әкімдікпен бірге әскери қызметкерлер де тартылды. Әскери қызметкерлер күнделікті 50 мың шаршы метрге дезинфекция жұмыстарын жасауда. Атап айтқанда, қалалық демалыс паркі, теміржол және автовокзал, ескі базар аумақтары және 13 көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шілде айының соңына дейін тағы 133 көшені залалсыздандыру жоспарланып отыр»,-деді сала басшысы.

    қатысты посттар

    Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төлеген – прокуратура

    Фариза

    Қызылордада 8,5 мыңға жуық кәсіпкер медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылды

    Фариза

    Қызылордада биыл 6400 отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.