-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Президентке Үндеу жасаған шымкенттік дәрігерге шетелдіктердің де назарын аударды

    Шымкенттік дәрігер Айна Бакееваның «дәрігерлер науқастарды дұрыс емдемей жатыр» деген жанайқайыәлеуметтік желіге өткен аптада жарияланған еді. Адамдардың індеттен емес, оны дұрыс емдемегенненқайтыс болып жатқанын жылап тұрып жеткізген олосылайша ел Президентіне үндеу жасады.

    Және оның бұл қадамы жауапсыз қалған жоқ. Іле-шала Денсаулық сақтау министрінің өзі хабарласты.

     

     

    Айна Бакеева, дәрігер-реабилитолог: «Алексей Цойдың өзіхабарласты. Және жасаған схемамның өте дұрыс екенінайттым. Антибиотикке денсаулық сақтау министрінің өзі де қарсы. Оның жаңа қызметке тағайындалғанына аз ғанауақыт болды. Ол да емдеудің жаңа жүйесін қолға алмақниетте. Ешқандай да ренішін білдірген жоқ. Қайта жасағанжұмысымның өте дұрыс екенін айтты».

     

     

    Үшінші мегаполистегі дәрігердің бейнеүндеу жасауынаелдің толассыз шалған қоңырауы түрткі болыпты. Жұртжақындарының хал үстінде жатқанын айтып тоқтаусызхабарласқан. Тіпті онлайн емдеу арқылы реанимациядажатқан науқастардың беті бері қарады дейді ол. Осыданкейін дәрігер арнайы жаттығуларды өзі жасап, оны ғаламторға жүктеуді жөн көріпті.

     

    Айна Бакеева, дәрігер-реабилитолог: «Маған қоңыраулар 22 маусымнан бастап толассыз түсе бастады. Алғашындабарлығына теріс айналмай, жауап беріп жүрдім. Бірақ, олоңай емес екен. Телефоныма дамыл болмайтын. Бірқоңыраудан кейін, екінші қоңырау. Екі тәулік ұйықтамағанкездерім де болды. Бірақ, соңында мұның дұрыс емес екенінтүсініп, әлеуметтік желіге үндеу жасауды ұйғардым. Себебі, жақыным хал үстінде жатыр деген хабардың тоқтайтын түріболмады. Ешқандай да хайп үшін емес, адамдардыңболашағы мен денсаулығы үшін жасалған шешім болатын».

     

    Қазақстандық әріптестерін былай қойғанда, шымкенттікдәрігер көмегіне қырғызстандық ақ халаттылар да жүгінген. Және көрсетілген әдістің оң ықпалы болғанын айтыпалғысын жаудырыпты. Ақ халатты маман індеттің көбікетіп, азы қалғанын жасырмайды. Және елге құйрық майғақұмар болмауды да ескертті.

     

    Айна Бакеева, дәрігер-реабилитолог: «Егер қан қысымыңызнормада болса, жас болсаңыз құртты көбірек жеген дұрыс. Одан шөлдеп, су да көп ішесіз. Аурудың алдын алу үшін де судың тигізер пайдасы зор. Одан бөлек ет те жақсы. Нағызқазақтар ретінде етті дастарханнан үзбеген жөн. Құйрықмайға аса әуестенудің қажеті жоқ. Ол бауырға ауырлықтигізеді. Онсыз да дәрі-дәрмекпен салмақ түскен бауырғаодан сайын қиын болады».

     

    Дәм, иіс сезбеу сынды белгіні дәрігер аса қорқынышқабаламайды. Мұның өткінші екенін айтқан ол бастысы халықдүрбелеңге салынбаса екен дейді. «Сонда ғана жағаданалған жауды жеңеміз» деп отыр көптің батасын алғандәрігер.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді

    Фариза

    Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

    Фариза

    Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары еліміздің оңтүстік гарнизондарында жүргізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.