4 C
Алматы
Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте инвестордың көмегімен ашылған провизорлық орталықтан 200 науқас емделіп шықты

    Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.

    Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі баллонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Барлық санитарлық талаптар сақталған.

    Жалпы қалада бүгінгі күні коронавируспен күреске арналған 650 төсек-орын, 26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар, ал ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек-орын жасақталды.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі «Біздің міндет- сыбайлас жемқорлықпен күрес»

    Екі апта жансақтау бөлімінде жатқан тараздық тұрғындарды екпе алуға шақырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.