Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өкпесі қабынған жасөспірімнің жағдайы жақсарды

    Шымкентте 15 жасар жеткіншек 27 маусым күні жансақтау бөліміне өкпесі қабынып түскен
    болатын. Қалалық клиникалық балалар аурухасынына жеткізілген науқастың жағдайы ауыр
    болғандықтан, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

    Дәрігерлер өздігінен дем ала алмаған науқасты жансақтау бөліміндегі аппаратқа қосқан. Пациент
    оксигенотерапия және вирусқа қарсы терапия емін үздіксіз қабылдайды. Өкпесінің 50 пайызы
    зақымданған жасөспірім дәрігерлердің қатаң бақылауында болып, үздіксіз емнің нәтижесінде
    жасөспірім оныншы күні жансақтау бөлімінен пульмонология бөлімшесіне ауыстырылды.

    Қазір науқастың ентігуі жоқ, дене қызуының гемодинамикасы қалыпқа түскен. Денсаулық
    жағдайы жақсарған жасөспірімді медицина мамандары апта соңында ауруханадан шығаруға
    дайындауда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Фариза

    Жыл соңына дейін Шымкентте 9 мектеп пайдалануға беріледі

    Фариза

    Шымкент Армян көліктерін тіркеуден үздік үштікке енді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.