Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидемиологиялық жағдай,а байланысты брифинг өткізіп, келесідей ақпараттарды хабарлады:
Шымкент қаласы бойынша 7 шілдедегі тіркелген ресми ақпаратқа сәйкес өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 3 596 адамға жетіп отыр. Емделіп шыққандар: 2097 адам. Ал қайтыс болғандары, өкінішке орай 18 адамға жеткен.
1 маусымға дейін жұқтырғандар саны — 867 адам болған болса, 1 маусым — 7 шілде арасында жұқтырғандар — 2729 адам,а жеткен.
Жұқпалы ауруханалардағы төсек-орын қорына 160 орын қосылып, 650-ге жетті
ЖРВИ (ОРВИ) мен пневмония: Өңірде 6340 науқас пневмониямен сырқаттанған. Оның ішінде 6060 адам (95,6 %) ауруханаға жатқызылып, 3639 адам (60 %) емделіп шықты.
Провизорлық стационарлардағы орын саны:
1 маусымға дейін 3 стационарда 320 төсек-орын
30 маусымға дейін 23 стационарда 2 960 төсек-орын
7 шілдедегі жағдай бойынша 3010 төсек-орын
ЖРВИ-мен тіркелген науқастар 11 891-ге жетті. Оның ішінде 535 адам (4,5 %) ауруханаға жатқызылды, 460 науқас (86 %) емделіп шықты
Күндізгі стационар
1 маусымға дейін 1281 төсек-орын
25 маусымда 51 емханада 633 төсек-орын
Оның ішінде 319 орын мемлекеттік бірінші медико-санитарлық көмек ұйымдарында, 314-і жеке ұйымдарда
Орта есеппен күніне 2000 науқас қамтылуда
Бүгінге дейін 2753 науқас емделді
Жедел жәрдем қызметі
1 маусымнан 6 шілдеге дейін шақырту саны — 59 925
Шақыртулар саны 2 есеге өсті
Жедел жәрдем қызметі бойынша «103» диспетчерлік қызметтердің саны ұлғайды
Call-орталығы (109, 1430) іске қосылды
Қолданылған шаралар
Коронавируске арналған төсек-орындар 300-ден 650-ге көбейді:
Оның ішінде 200 орындық жаңа жұқпалы госпиталь;
26 жерден 3110 төсек-орындық провизорлық стационар ашылды;
Қазіргі толымдылығы — 78 %;
Ауыр дәрежедегі науқастарға 136 жансақтау төсек орны;
Толымдылығы — 95 %;
Күндізгі стационар:
алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының базасында қосымша 628 төсек-орын;
жеңілатлетикалық спорт кешенінің базасында 360 төсек-орын ұйымдастырылды
Жергілікті өндірушілер:
5 миллионнан астам көп қолданылатын маска;
100 тонна дезинфекциялық зат;
170 мың флакон және 192 мың литр спрей шығарды
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету
1 маусымнан бүгінге дейін 276 938 диспансерлік есепте тұрған адамдарға қоңырау шалынды;
Бүгінгі күнге 6 696 ЖРВИ және 3 865 пневмониямен науқастар тіркелді;
56 мобильді топ құрылып, 10 341 науқасқа қызмет көрсетілді;
26 380 адам АЛО мобильді тобының қызметі бойынша дәрі-дәрмекпен қамтылды;
Дәрі-дәрмекпен қамту
Қалада 10 ірі көтерме дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдық жеткізіп беруші мекеме, 560 дәріхана жұмыс атқарады.
Бір айлық дәрі-дәрмек қоры:
дене қызуын төмендететін — 115 843 препарат;
вирусқа қарсы — 136 352 препараттар;
антибиотиктер — 133 040 қорап;
«С» дәрумендері — 44 253 қорап;
Бағаны бақылау мен алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында 4 мониторингтік топ құрылды.
Материалдық-техникалық базамен қамту (МТБ)
323 жасанды тыныс алу (ИВЛ) аппараты бар. Оның ішінде портативті аппарат — 130
«Бобров» тыныс алу аппараты — 250, монитор — 10, 6 ауруханада арнайы кислород станциялары орнатылуда.
Медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында
2 764 медицина қызметкеріне 780 млн теңге еңбек ақыларына үстемеақы төленді.
Халық қоры және демеушілер есебінен 935 медицина қызметкеріне 42,4 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Жұқпалы аурулар ауруханасының науқастармен тығыз байланыстағы 336 қызметкерінің қонақ үйлерде тұру, тамақ беру, жұмысқа қатынауы ұйымдастырылды.
Фариза Жандар