33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: қала әкімі ОҚМУ-дың үздік түлектерін құттықтады

    Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік түлектерін онлайн құттықтады.

     

    77 жылдық тарихы бар оқу орны биыл Қазақстандағы ЖОО рейтингісі бойынша үшінші орынды иеленсе,  әлемдік рейтингте ТОП 500-ге еніп отыр.

     

    2019-2020 оқу жылында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 5248 маман түлеп ұшқалы отырса, оның 362-сі үздік дипломға бітіріп отыр.

     

    «Құрметті түлектер! Сіздерді мамандық иесі атануларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Үздік диплом алуларыңызды еліміздің дамуына қосқан үлестеріңіз деп санаймын. Өмірге алған жолдамаларыңыз тек сәттілік әкеліп, жемісін берсін!» — деп қала басшысы ізгі тілегін білдірді.

     

    Қазіргі таңда оқу ордасында 1577 профессор-оқытушы білім береді. Оның ішінде 22 академик, 500-ге жуық ғылым кандидаты, 102 ғылым докторы бар.

    Г. ҚАПАЛ.

    қатысты посттар

    Қызылордалық қайтарымсыз қаржы арқылы гүл бизнесін бастады

    Фариза

    Шымкентте 6 500-ге жуық түлек ҰБТ тапсырды

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ӘМБЕБАП АТУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.