-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жеке бақылауына алды

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады.

    Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС көтерме қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және тиеу кестесі бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

    «Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап  вирусқа қарсы,  27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар. Қазір үлкен көлемде дәрілер келді, осы аптада дәріханаларға таратылады»- деді қала әкімі.

    «АҚ НИЕТ» ЖШС директоры Ержан Ниязалиев келген дәрілер қаладағы 52 дәріханаға таратылатынын, оның ішінде «дексеметазон», «дексан», «клексан» препараттары да бар екенін жеткізді.

    «Бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецепті бойынша ғана алуға болады және бұл талапты дәріхананың да орындауы тиіс», — деді Е.Ниязалиев.

    «Зерде» НПО ЖШС қоймасына 6 камаз дәрі-дәрмек әкелінген. Оның ішінде 1 млн аскорбин  қышқылы,   500 мыңға тарта цефтриаксон, 100 мың азитрамицин,  немисил, 20 мыңға жуық кагоцел, 14 мың ингавирин бар.

    42 желілік дәріханасы бар «Зерде» НПО ЖШС Шымкенттегі 200-ге жуық дәріхананы қамтып отыр.

    Қала басшысы жиырмаға жуық дәріхананы аралап, халықтың арыз-шағымдарымен жеке танысты. Сондай-ақ, дәріхана сатушыларына дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда басқа сауда атауымен алуға болатынын түсіндіруді тапсырды.  Мысалы парацетамолдың панадол сияқты балаларға арналған сироп түрі бар.

    Сонымен қатар, қала әкімі дәрі жетіспеушілігінің екі себебін атап өтті. Бірі – алыпсатарлық болса, екінішісі – халықтың үлкен көлемде дәріні артығымен сатып алуы.

    Айта кетейік, бүгінде ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» туралы ҚР Заңына сәйкес, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудалау- фармацептік қызметтің лицензиялық түрі болып табылады. Аталған кәсіпкерліктің бұл түрін лицензиясыз жүзеге асырғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 шілдеде «дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырып сатып жатқан дәріхана анықталған. Жедел полиция тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазір тергеу жүруде, нәтижесінде жауапкершілік қаралатын болады.

    Тұрғындар назарына!

    Егер де, алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңын дереу «109» байланыс нөміріне хабарласыңыз.

    Тек қана дәрігердің жазып берген қағаздағы рецептісі арқылы дәріханаға барыңыз. Көп мөлшерде дәріні сатып алу – өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Себебі дәрінің сақталу мерзімі мен шарттары бар екенін естен шығармаңыз.  

    Г. ҚАПАЛ.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында 800-ге жуық азамат әскерге аттанады

    Фариза

    Шымкентте туристерге арналып навигациялық стелалар орнатылуда

    Фариза

    «Шымкент қаласы әкімінің денсаулығына төнген қауіп жоқ» — баспасөз хатшысы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.