-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сағатбек Қуанышбайұлы: Елдігіміз мен ерлігіміздің куәсі

    Елімізде кереметтей қала бар. Сан-түрлі арман-қияға қанат қақтырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырған көркем қала. Ол сұлулықтың символы іспеттес, елдің жүрегі болған бас қала – Астана. Жылда дүркіретіп ел болып тойлайтын Астана күні де жақындап қалыпты. Бұл мерекенің тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні зор. Өйткені, Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс болғанын уақыт дәлелдеуде.

    Иә, азат елдің тарихында қас-қағым сәтте бой көтерген Елордамыз Алаш жұртының бағын жандырғаны айқын. Астана қаласының дамуы жас мемлекетіміздің тарихымен тығыз байланысты.

    Елбасы Н.Назарбаевтың Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясына кезінде күмәнмен қарасақ, бұл күні жемісті жүзеге асты. Бас қаламыз арқылы Қазақстан әлемге танылды, экономикалық және саяси жаңғырулардың орталығына, халқымыздың мәдени өмірінің темірқазығына айналды.

    Бас қаланың әр кірпішін қалауға Тұңғыш Президентіміз бар күш-жігерін салды. Дамуына сүбелі үлесін қосты. Алатаудың бөктерінен Арқа төсіне көшіру арқылы біз тәуелсіздігімізді нығайта білдік. Рухани байыдық, жаңғырдық. Тарихымызға көз жүгірттік. Төл мәдениетімізді таныдық, ұмыт бола бастаған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерлеріміздің қайнар бұлағын аша бастадық. Былтыр Астананың 21 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Алайда жыл сайын тойланатын мереке биыл 22 жылға қадам басқанда әлемдік пандемияға байланысты дүркіретіп өтілмейді. Себебі қазір той-тойлайтын уақыт емес.

    Әрине, тарих үшін 22 жыл зымыраған сынаптай. Десе де осындай аз уақытта сәні мен салтанаты жарасып сәулеті талайларды тамсандырған бас қаламызды тұрғыздық. Елорда Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне айналды. Астана біздің еліміздің күш-қуатын әлемге танытқан қасиетті орда болды.

    Сағатбек ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ,

    «Жылы жүрек» жастар қоғамдық қорының мүшесі

    қатысты посттар

    Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы жолдың сын көтермейтін сапасы күлкіге айналды

    Фариза

    Қызылордада «Дәрігерлер аллеясы» салынуда

    Фариза

    Жарылыстан 20 адам қаза тауып, елуге тарта адам жарақат алды

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.