-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында пробация есебінде тұратын сотталған шаштараз ашты

    Қызылорда облысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.

    Соның бір дәлеліҚазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту бөлімі, пробация есебінде тұратын Б есімді азаматты мемлекеттік «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын тегін оқытты.

    Мамыр айында бір айлық курсты аяқтап, сертификат алған Б. есімді азаматқа жаңадан бастаған кәсіпті қолдаумақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 555 600 теңге қайтарымсыз грант берілді. Бұл азамат гранттың қаржысына шаштаразға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өзінің жеке шаштаразын ашты.

    Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға мемлекеттің беріп отырған осы мүмкіндігін уақыт жоғалтпай тиімді пайдаланып, «Бастау Бизнес» жобасын тегін оқып, сертификат алдым. Шаштараз ашып, халыққа қызмет етсем деген мақсатым болды. Негізі, бұл кәсіппен көптен бері айналысамын. Туыстарымның, таныстарымның шаштарын алып жүрдім. 2018 жылдан бері Қазалы аудандық пробация есебінде тұрамын. Білім алып, жеке кәсібімді ашуыма пробация қызметі көмектесті. Қазір менің салоныма алғаш ашылған күнге қарағанда тұтынушылар көптеп келуде. Бізді қоғамнан сотталған деп бөлмей, көмек беріп жатқанына алғысым шексіз, – дейді пробация есебінде тұрған азамат.

    Жыл басынан пробация есебіндегі 2 азаматқа 530 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Оның біреуі ағаш цехын ашса, екінші азамат құрылыс саласында сметалық жоба сызуға жәрдемдесу бойынша өзінің кәсібін ашқан. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай көмектер пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізеді, – деп атап өтті Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Е.Сражатов.

    қатысты посттар

    Шиелі ауданында тұрғындар көптен күткен көпір құрылысы басталды

    Фариза

    «Мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға қысқарады». БҒМ пікір білдірді

    Фариза

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.