16 C
Алматы
Сенбі, 11 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша ауылдарды дамыту жүзеге асуда

    «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында шаралар 2020 жылы жалғасуда.

    Аталған жоба бойынша 8 елді мекенде (Арал ауданы Жақсықылыш кенті, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Шалқия кенті, Қазалы ауданы Бекарыстан би елді мекені, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекені , Шиелі ауданы Ақмая ауылдық елді мекені, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық елді мекені) 130 жұмыс орны ашылып (21 тұрақты, 109 уақытша), 52 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:

    Ауыз сумен қамтамасыз ету 2 жоба (Бекарыстан би, Жаңақорған кенті);

    2 мектеп құрылысы (Жақсықылыш, Жалағаш кенті балалар әуез мектебі);

    4 мектепке күрделі жөндеу (Бекарыстан би, Ақмая, Ақсуат, Шалқия);

    Денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы (Жақсықылыш);

    Ауылдық клуб құрылысы (Шалқия);

    10 көшені жарықтандыру (Бекарыстан би-8, Ақжарма-1, Ақмая-1);

    Көшелерді орташа жөндеу-32 жоба.

    Осы жұмыстарға республикалық бюджеттен 4 636 млн теңге, жергілікті бюджеттен 490 млн теңге бөлінді.

    Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Тараз қаласында толайым тірлік көп

    Фариза

    Сыр елінің өнімдері 12 елге экспортталуда

    Фариза

    Қызылорда облысында «Мектепке барар жол» акциясы жалғасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.