33.4 C
Алматы
Воскресенье, 27 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдария ауданындағы Қышқала қалашығында қазба жұмыстары жалғасуда

    Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің қызметкерлері Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылындағы Қышқала қалашығында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының барысымен танысты. 

    Қалашықтағы қазба жұмыстары Алтын Орданың 750 жылдығы аясында облыстық бюджет есебінен жүргізілуде.

    Биылғы жылы республикаға белігілі археолог Мадияр Елеуов жетекшілік жасайтын археологиялық экспедиция кең көлемді археологиялық зерттеулермен қатар, консервациялық шараларды атқарады деп жоспарланып отыр.

    Қазіргі уақытта қалашықтың шетінде орналасқан кесенінің орны толық ашылды. Қазбаның нәтижесімен кесененің көлемі үлкен екендігі және толық қыштан тұрғызылғаны анықталды. Сонымен қатар, биылғы маусымда өткен жылғы қазба жұмыстары кезінде анықталған құрылыс нысандарына және қыш күйдіретін пеш орындарына зерттеу жүргізіледі. Бұл экспедицияға археологтар, жас ғалымдар және жергілікті ауыл тұрғындары тартылған.

    Айта кететін жайт, Қышқаладағы археологиялық зерттеулер 2018 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    қатысты посттар

    «Әпкем мен анам полицияда біреудің мәйітін менікі деп ойлап, оны жерлепті».

    Атырау соты Макс Боқаевтың арызын қанағаттандырмай тастады

    Фариза

    «Мумияға айналып кеткен…» Әйел адам 37 жыл бойы нәрестенің мәйітін сақтап келген

    Пікір қалдыру

    12 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.