-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметі күшейіп, 100 бригада толықтай жұмыс істеуде

    Бүгінде Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметі күшейіп, 100 бригада толықтай жұмыс істеуде. Нәтижесінде соңғы кездері шақырту бір тәулікте 1850-ге жеткен. Бірақ аталған медициналық шақыртулардың басым бөлігі – ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) және пневмониямен ауырған науқастар. Бұл бойынша бір күнде 129 науқас қабылданған.

    Осы жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тікелей тапсырмасымен алдын ала карантиндік және провизорлы стационарлардың жұмысы күшейтілуде. Яғни, қосымша 650 төсек-орын алынған. Оған қоса реабилитацияға қосымша 100 төсек-орын жаңадан жайғастырылған. Сонымен қатар, карантиндік стационар болған екі нысанды 380 төсек-орынмен провизорлы стационар қылып қосқан. Бұдан бөлек, тағы 1500 төсек-орын дайындалу үстінде. Айта кетейік, провизорлы стационарларда емдеу шаралары кезінде үш топқа бөліп, арнайы алгоритм жасалынған.

    Бүгінде қаламызда пневмониямен (өкпе қабынуы) ауырған науқастар саны 7,2 пайызға өскен. Мұны ауыздықтау үшін қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садыр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тілге тиек етті. Оның айтуынша, қала әкімінің тапсырмасымен қосымша ғимараттар ашылады.

    Бұл ретте өкпені жасанды желдету аппараты жөнінде айта кеткеніміз дұрыс. Яғни, қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты жергілікті бюджеттен 25 ИВЛ (өкпенің жасанды желдету аппараты) аппарат алынған. Бүгінде жалпы 301 ИВЛ аппараты бар. Сонымен қатар, жатақханаларда демеушілердің көмегімен осындай 6 аппарат қойылған. Және демеушілердің тағы бір көмегімен кислородпен демалатын 100 Боброва аппараты алынуда. Ал провизорлы стационарларда дәрі-дәрмектің барлығы толық жеткілікті.

    Айта кетсек, бүгінге дейін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Жалпы қалада қауіпті індеттен 13 адам қайтыс болып, 624 адам жазылып шыққан.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Таразда Жазылбек Қуанышбаевқа арналған республикалық конференция өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Фариза

    Облыс әкімі қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.