Понедельник, 28 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Білім және ғылым

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ де және SILKWAY Халықаралық Университетінде түлектер бақтарын сынады. Таңғы сағат 6.00-ден басталған тестілеуге оқушылар ата-анасыз келді. Оларды арнайы автобустар пункттерге жеткізді.

    Биылғы жылдың ерекшелігі аудиториядағы адам саны 2 есеге қысқарады. Барлық аудиториядан онлайн трансляция жүргізілді.ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық талап күшейді. Тест тапсырушылар дезинфекциялық тоннельден өту арқылы ғана аудиторияларға жіберілді. Одан бөлек арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді залалсыздандырып, дене қызуын өлшеу, қолды сұйықтықпен өңдеу, медициналық маскалар беру сынды талаптар қатаң сақталды.

    Қазіргі таңдағы карантин ережелеріне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы ҰБТ 15 күн болады. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, қаламыздағы мектептерден айтулы мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде — 4072, орыс тілінде — 987.

    Дегенмен Шымкентте телефон алып өтпек болған түлектер анықталды. Өзімен бірге телефон алып өтпек болған 20 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Жамбыл облысы экономикалық өсім бойынша республикада үздік үштікте

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    Шымкентте провизорлық орындардың 90 пайызы босады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.