-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасуда. Карантиндік шектеулер қала тұрғындарының денсаулығы үшін енгізіліп жатқаны белгілі.

    Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция
    басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының
    алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын
    жүргізді.

    Олар тұрғындар мен қоғамдық көлік ішіндегі жолаушылар мен
    жүргізушілерге медициналық маскалар мен қолғаптар таратты.

    Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп,
    адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді.
    Еңбекші ауданында 122 нысан карантинге жабылды
    Ал, қалада эпид ахуал күрделі. Бір ғана Еңбекші ауданында 122 нысан
    карантинге жабылған. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ғалымжан Ілиясов
    мәлімдеді.

    Карантин ошақтары күн сайын залалсыздандырылып отырады. Мобильді топ
    күн сайын аудандағы төтенше жағдайдан кейін іске қосылған кәсіпкерлік
    нысандарды аралап шығып, санитарлық талаптардың сақталуын
    қадағалайды.

    Салаға жауаптылар аудандағы кафе-ресторандарда жұмыс уақытының
    сақталмайтынын айтады. Түнгі сағат 23:00 ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат
    алған бизнес өкілдері түн жарымға дейін жұмысын жалғастырып,
    шектеулерді ескермейді екен. Бір күннің өзінде мамандар оншақты хаттама
    толтырып, ескерту жасайды.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ–БАСТЫ НАЗАРДА

    Фариза

    Шымкентте карантиндік шектеу тағы да ұзартылды

    Фариза

    Қызылорда облысында үйдегі стационар ұйымдастыруға 29,9 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.