22 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: 96 шалғай ауылда жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

    Елімізде жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Осы орайда, Қызылорда облысының 96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады. Бұл туралы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.

    – Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сондай-ақ, ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады. Сонымен қатар, аймақта соңғы екі жылда «Цифрлы Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, «автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Юлия Тремасова

    Сондай-ақ, қалаішілік қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларда ақпараттық тақта қою жоспарлануда.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Фариза

    Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген дұрыс?

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.