-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді

    Карантин – сынақ кезеңі. Бұл сәтте халықпен кері байланыс күшейтіліп, төтенше жағдай кезіндегі барлық сауалға жауап беру маңыздылығы да жоғары. Осыған орай Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде 83 мың мұқтаж отбасыға көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

    – 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті барлығы ала алмағаны түсінікті. Біреу заңдылығына сәйкес ала алмаса, біреулерге басқа да себептермен берілмеді. Алайда, біз әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бюджеттен тыс көздер есебінен көмек көрсете отырып, барынша қолдауға тырыстық. Мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің кәсіпорындарға: «Орда капитал» АҚ, «Дорстрой»ЖШС, «Абай Даулет» ЖШС, «Жан Арай» ЖШС, «Ер-Али» ШҚ және басқа да ондаған кәсіпкерлерге, барша қайырымды жандарға осы қайырымдылық акциясына қатысқандары үшін ризашылығымды білдіремін. Облыс көлемінде 83 мың мұқтаж отбасыға 1,5 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жолданған сауалдардың ішінде елдімекендердің арасындағы қозғалысқа шектеулер туралы да шағымдар аз емес. Бұл шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, өйткені, адамның өмірі мен денсаулық мәселесі тұр. Елімізде ТЖ режимі аяқталғанымен, аймақта эпидемияның тоқтамауына байланысты карантин режимін жалғастыруға шешім қабылдадық. Осы себепті, бетперде тағып, залалсыздандыру құралдарын пайдаланып жүру қажет және әлеуметтік арақашықтықты сақтаған дұрыс, – деп жазды аймақ басшысы.

    Сонымен қатар күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты да пікірін білдірді.

    – Жолданған өтініштердің 25%-ы осы салаға қатысты. Әсіресе, Қызылорда қаласының тұрғындарын жол сапасы мен газдандыру мәселелері толғандырады.Алайда, жол құрылысы – бұл бюджеттің ең қымбат бөліктерінің бірі. Сондықтан, барлық проблемалы учаскелерді бірден қамту мүмкін емес. Дегенмен, биылғы жылы Қызылорда қаласының ауылдық округтерінде және шағын аудандарында 196 көшені жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, бұл жұмыстар «Саяхат», «Сәулет», «Арай» шағын аудандарында жүргізіледі. Ал, «Коммунизм», «Ақмешіт», «Рисмаш», «Гагарин», «Шанхай», «СПМК 70», «Титов» және тағы басқа да шағын аудандардың кейбір бөліктеріндегі жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.Қызылжарма, Қосшыңырау, Қызылөзек, Ақжарма, Белкөл, Талсуат, Тасбөгет кенттеріндегі көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Барлығы 146 км болады.Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек аудандары мен Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентінде газдандыру жұмыстарын аяқтап, Қазалы ауданына қарасты Ғ.Мұратбаев пен Шиелі ауданына қарасты Байсын елдімекендерінде газ жүргізуді бастаймыз.Мұнымен қоса, министрліктермен Қызылорда қаласына қарасты Наурыз, Махамбетов ауылдарын, Қазалы қаласын, Арал ауданына қарасты Сексеуіл кентін және Шиелі ауданының Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Алғабас және Ақмая елдімекендерін 2021 жылы газға қосу мәселесін қарастырудамыз. Сондай-ақ, Төретам мен Ақайға қатысты жобалармен жұмыс істелуде.Өздеріңіз білетіндей, биыл әлем нарығы құлдырап, көптеген басқа мемлекеттер секілді біздің ел де бюджетке есептелген сомаға қол жеткізе алмады. Осыған қарамастан, мемлекет теңдесі жоқ шараларға баруда. Олардың бірі – Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «5-10-20» қолжетімді несиелік баспанасымен қамтамасыз ету бойынша жаңа жобаны іске асыру. Ендігі біздің міндетіміз – осы жобаны іске асыру үшін облысқа барынша көбірек қаржы тарту мәселен министрліктермен пысықтау.Бүгін біз 1630 пәтерлік 20 жалға берілетін үй салуды бастаймыз, оның ішінде 698 пәтерлік 15 үйді ағымдағы жылы пайдалануға береміз. Нәтижесінде, 431 көпбалалы және 267 осал топтағы отбасы жаңа пәтер алады. Тағы 910 отбасы ипотекалық баспана ала алады.Белгілі болғандай, жақында елімізде экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар бекітіледі. Осындай жоспар бізде де жасалады, – деді Гүлшара Наушақызы.

    қатысты посттар

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Фариза

    Талғар ауданы әкімінің жемқорлық күдігімен ұсталғаны хабарланды

    Фариза

    Бас прокурор қаңтар оқиғасы туралы: Түпкі мақсат билікті күшпен басып алу болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.