-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша барлығы 10 жылыжай кешені жұмыс жасауда.

    Соның ішінде, Махамбет ауылында орналасқан қияр егумен айналысатын жылыжай ішкі нарықты қамтып отыр. Аумағы 2 гектар болатын «КазАгроМир» ЖШС автоматтандырылған жылыжай кешенінің жалпы құны 1 млрд 129 млн. теңгені құрайды.

    Жергілікті жұмысшылар күніне орта есеппен 5-6 тонна өнім жинап, қала аумағындағы орналасқан сауда үйлеріне төмен бағада сатуда. Болашақта өндіріс көлемін күніне 10 тоннаға дейін, ал жылына 1000 тоннаға дейін ұлғайтып, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан өсіруді жоспарлап отыр. Заманауи Испан технологиясымен жабдықталған жылыжай электр жарығы, сумен қамтылған. Кешенде 40 адам тұрақты жұмыс жасауда. Жылыжай иесі енді мұнда табиғи газ бен кешенге жеткізетін жол мәселесін қарастыруды сұрап отыр.

    Айта кетейік жылыжай кешені өткен жылдың соңында пайдалануға берілген болатын. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды.

    Бұдан бөлек қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде «Натишаева» дара кәсіпкерінің 1 гектарлық кешені жұмыс жасауда. Осындай 8 шағын жылыжай қияр мен қызанақ өсіруде.

    Келер жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша тағы 2 гектар аумаққа жылыжай кешені салынбақ. Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жүзеге асатын жоба құны 800 млн теңге. Қалаға қарасты «МТС Ас Агро» ЖШС жобаны қаржыландыру мақсатында ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау институттары арқылы жұмыстар жүргізілуде.

    қатысты посттар

    15 қарашада Алматыда блокбекеттер қойыла ма?

    Фариза

    Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады

    Фариза

    Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.