-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Абай ауданында төрт мониторингтік топ тексеру жүргізуде

    Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған.

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов және Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының Абай ауданы бойынша басшысы А.Шажаевтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар және сақтық шаралары жөнінде брифинг өтті.

    — Қаланың бас санитарлық дәрігері қабылдаған қаулыға сәйкес, барлық шектелген шаралардың орындалуы бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар атқаруда. Сонымен қатар, карантинге жабылған жеке секторлардағы тұрғын үйлердің қатты тұрмыстық қалдықтары аптасына бір рет, көпқабатты тұрғын үйлердің қалдықтары күнделікті «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемесінің арнайы техникасымен бөлек шығарылуда және көшелер мен тұрғын үйлер залалсыздандырылуда. Қазіргі таңда аудан аумағында төрт мобильді топ сауда орындары мен ірі нысандарда санитарлық талаптарды сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, — деді Б. Парманов.

    Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тексеруі барысында бетперде тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталған. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілуде.

    Бүгінгі таңға дейін 4 мобильдік топ бекітілген аумақтары бойынша 674 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы, 3 тармағы бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға 11 айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Қызылорда: Облыс орталығындағы ауруханаларға өкпені жасанды тыныстандыру аппараты мен оттегі концентраторы сыйға тартылды

    Фариза

    Шымкентте ҰБТ-ның бірінші күні 500-ден астам оқушы тест тапсырды

    Фариза

    Жамбыл ірімшігі мен сыры — ұлттық бренд

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.