Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Жосалы кентіндегі балалар кітапханасының ғимараты мен Қармақшы ауылдық округіндегі «Балбөбек» ясли бақшасы ғимаратындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы мәлімдеді.
– «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында көптеген игі бастамаларды жүзеге асырғалы отырмыз. Ауданымыздың тұрғындары жұмыспен қамтылып, әлеуметтік нысандар жаңғыртылудан өткізілуде. Атап айтқанда, бағдарлама шеңберінде ауданымызды абаттандыру, көшелерді орташа жөндеу мен жарықтандыру, әлеуметтік нысандарды ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары атқарылатын болады, – деп атап өтті М. Оспанұлы.
Сонымен бірге аудан басшысы мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан жұмыстардың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін бақылау басты назарда болатынын жеткізді.
Бүгінгі күні тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуде тұрған 332 жұмыссыз азаматқа жолдамалары берілген.