-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Шиелі ауданында 681 жаңа жұмыс орны ашылады

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды. Сапар барысында елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.

    Мемлекеттік бағдарлама аясында Шиелі ауданына 3 млрд-тан астам қаржы бөлініп, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй коммуналдық, абаттандыру бағытында 21 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 681 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

    Өңір басшысы алдымен Сұлутөбе ауылдық округінің 1 Мамыр елді мекеніндегі «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстары және ауыз су жүйесінің жағдайын көрді. Бұл ауылға абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 58 млн. теңге бөлініп, 14 тұрғын жұмыспен қамтылуда.

    Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған бағдарлама шеңберінде «Самара-Шымкент-Тартоғай» жолының орташа жөндеу жұмысын тексерді. Гүлшара Әбдіқалықова жұмыстарды сапалы жүргізіп, белгіленген уақытта бітіруді тапсырды.

    Мұнан соң облыс әкімі Жөлек елді мекеніне кіре берістегі көпірге күрделі жөндеу және Шиелі кентінде жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Облыс әкімі аудан әкіміне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, сапалы жұмыс жүргізілу керек екендігін айтты.

    Аймақ басшысы екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде болып, кесенесінде баба рухына тағзым етті.

    Шиелі кентіндегі Ә.Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп лицейіне мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, жаңа оқу жылына дейін аяқтау керектігін жеткізді.

    Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәжіліс өтті. Жиында аудан әкімі Қ.Мүбараков атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, аймақ басшысы әлеуметтік-экономикалық саладағы көрсеткіштерді арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

    – Алдымен, аудан экономикасы дамуының үстіміздегі жылдың 4 айының қорытындысына қысқаша тоқталып өтейін. Шиелі ауданында негізгі макрокөрсеткіштердің 4-уі, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы 0,2%, инвестиция 74%, құрылыс жұмысы көлемі мен тұрғын үй құрылысы 15,3% төмендеп, меже орындалмаған. Әлеуметтік сала, оның ішінде денсаулық сақтау саласында да кемшіліктер бар. Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Аталған кемшіліктерді жою бағытында ауқымды жұмыс атқару қажет. Біздің басты бағытымыз тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Мәжілістен кейін аймақ басшысы Шиелі кентіндегі жылыжайдың, «РУ-6» кен басқармасының «Қарамұрын» цехының, «Ару ана» шұбат цехының, «Кемикал қазақстандық мұнай-химия компаниясы» ЖШС-нің пластмасса құбырларын шығару зауытының, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің цемент зауытының жұмысымен танысты.

    – Біз кәсіпкерлікті дамытуға барынша жағдай жасап келеміз. Мәселен, биылға «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын аймақта іске асыруға 3,4 млрд. теңге қаражат бөлінді. Яғни, жылдан жылға бөлінетін қаржы еселеп артып келеді. Кәсіпкерлік саласын дамытуға мүмкіндік берілуде, тек жұмыс жасау керек. Мұнымен қоса, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуын қолға алыңыздар. Бұл бағдарлама ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында іске асырылуда. Халықты күнделікті тұтынатын тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жүзеге асуын қадағалаңыздар, – деді облыс әкімі аудан басшылығына.

    Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысының және Ақмая ауылындағы егіс алқабында ауданның дала жұмыстарының барысымен танысты. Бұл егіс алқапта 370 гектар жерге күздік бидай егілген және жаңа цифрлық технологияларды пайдалануда.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында ветеринариялық эпизоотиялық жағдай тұрақты

    Фариза

    Болашақ емес балл керек: Бүгін ұйықтап отырған студенттер ертең адамның өмірін қалай құтқарады?!

    Фариза

    Кәрім Мәсімовтің шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.