Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Түптің-түбінде Алла жазасын береді» Блок-бекетте қайтыс болған полицейдің анасы мен жары кінәліні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрауда

    Алматы қаласына кіре берістегі блок-бекетте орын алған жол апатынан қайтыс болған полиция қызметкері Дастан Абдықановтың жақындары оқиғаның ақ-қарасын анықтауды сұрап отыр. Қара жамылған отбасы кінәлінің әділ жазалануын сұрайды деп жазады Qazweek.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Марқұмның әйелі: «күйеуіммен қоштасып та үлгермедім» деп, көзіне жас алған. Оның айтуынша, сол түнгі ауысымға кететін уақытта Дастан жақындарының үйіне айттауға кетіпті.

    Динара жалпы карантин режимі басталғалы күйеуінің жұмысы көбейгенін жасырған жоқ. Алайда, блок-бекеттегі кезекшілікке санаулы рет түскен көрінеді. «Блок-бекетке екі-үш реет қана түскен. — Тап сол блок-бекетке ме?

    — Жоқ, бұл блокпостқа бірінші рет барды. Үш ай бойы ауыр жағдайда істеді ғой. Бұлардың бәрі ауыр жағдайда жүрді», — деді ол.

    Марқұмның әйелі Азат Азаматов апат болған күнге дейін форма киіп, Алмалы аудандық полиция бөлімінде қызмет етті деп отыр. Ал қайғыдан қабырғасы қайысып, өзегі өрттенген полиция қызметкерінің анасы істің ақ-қарасын мемлекет басшысынан анықтауды сұрап, хат жолдады.

    «Үш адамның жанұясын ойрандап кетіп отыр. Үш отбасында қанша баланың болашағы қалды, қанша жар еңіреп қалды, қанша ана, қанша әке қан жұтып қалды. Оның өзі осы үш отбасының басына келген үлкен қайғы-қасірет. Ол адам жер басып жүрер, өмір сүрер, тамақ ішер, ұйықтар, бірақ мен ойлаймын, түптің-түбінде Алла жазасын береді», — деді Жанатгүл Әбірова.

    Телеарна мәліметінше, Дастан Әбдіқановтың қырқынан енді шыққан ұлы бар. Қаза тапқан екінші полицей Жарас Жанғазиевтің артында қос қызы мен жүкті әйелі қалған.

    қатысты посттар

    Тик-токқа шығып кеткен ауыл әкімі тәртіптік жазаға тартылды (видео)

    Фариза

    «Ащы шындық неге айтылмайды?» Естір құлағы жоқ әкімдіктен қайыр таппаған Мақтаарал тұрғындары енді Тоқаевтан көмек сұрауда

    Фариза

    Бас мүфти: «халал» түсінігі модаға айналып кетті

    Пікір қалдыру

    1 − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.