-3.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

    Сенат депутаты Динар Нүкетаева Қазақстандағы аралас тілді мектептердің көбейгенін айтып, болашақта қазақ тілінің тағдыры қалай болады деп алаңдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  azattyq-ruhy.kz  порталына сілтеме жасап.

    «Елімізде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің саны – 6973. Оқушылардың саны – 3 млн 250 мың. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын 3726 мектеп, орыс тілінде оқытатын 1181 мектеп, аралас тілде оқытатын 2043 мектеп бар.

    Басқа тілде оқытатын 23 мектеп бар: оның ішінде 12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде. Яғни, аралас тілді мектептер жалпы мектеп санының 30%-ға жуығын құрап отыр. Бұл әлемде ешбір елде кездеспейтін, тек қана Қазақстанда бар жағдай. Бұл үрдіс одан ары да жалғаса беретін болса, одан кейін қазақ тілінің тағдыры, ел тағдыры қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды», – деді Сенат депутаты Динар Нүкетаева.

    Қазақстанда аралас тілді мектептерде білім алатын оқушылар саны соңғы 5 жылда айтарлықтай өскен.

    «Еліміздегі аралас тілді мектептердің соңғы 5 жылдағы жағдайына қарасақ, 2016 жылы – 2045 мектеп, 2017 жылы – 2037 мектеп, 2018 жылы – 2046 мектеп, 2019 жылы – 2054 мектеп болған.

    Ал 2020 жылы аралас тілді 2043 мектеп жұмыс істеп, онда 1 393 727 оқушы білім алып жатыр. Демек, 2016 жылмен салыстырғанда, осындай мектептерде оқитындардың өсу тенденциясы жыл сайын үдей түсіп, олардың саны 196 715 оқушыға дейін артқан», – деп нақтылады сенатор.

    қатысты посттар

    Қыркүйектен бастап мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді

    Фариза

    Жоғары оқу орындары оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр — Асхат Аймағамбетов

    Фариза

    Аймағамбетов мектептегі үштілділік жүйесі өзгеретінін хабарлады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.