-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ

    Қала әкімі Мұрат Әйтенов Бүгін қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша басқосу өткізді. Жиында «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады.

    Жоба жүзеге асса, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады. Жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады. Жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі. Қала әкімі аталған тұжырымдаманы мақұлдап, жаңа жүйеге кезең кезеңімен көшуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.    

    -Бұл жүйе қала ішіндегі кептелістің азаюына, тұрғындардың діттеген жеріне тез жетуіне,  жемқорлықтың алдын алуға, «Smart city» жүйесіне тезірек көшуге мүмкіндік береді,

    Аталған концепция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де үлкен септігін тигізеді. Енді жүргізушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады. Сондай-ақ диспетчерлеу арқылы автобус арасындағы жиілік сақталып, аялдамаға тоқтамайтын жүргізушілер қадағаланады.  Бұдан бөлек, сауда орталықтары мен мектеп және басқа да адам көп шоғырланатын аялдамалар реттеліп, шағынаудандарға қатынау жеңілдемек.

    қатысты посттар

    Бір сурет мың сөзге татиды

    Жамбыл облысындағы бір бақта 13 түрлі алма өсіріледі

    Фариза

    Көшпенділер ізімен Тараздан шыққан керуен Түркістанға жетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.