13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Бұдан былай бейбіт митингке шығу үшін рұқсат керек емес – Президент

    Бұдан былай бейбіт митингке шығу үшін рұқсат керек емес. Бұл туралы ҚР Президенті Ұлттық сенім кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бірер күн бұрын мен Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы жаңа заңға қол қойдым. Бұл құжаттың басты ерекшелігі бұдан былай бейбіт жиналыс өткізу үшін рұқсат алу қажет емес. Оны алдын ала ескертіп өткізуге болады. Осы заң қоғамдық-саяси қатынастарды одан әрі дамытуға зор үлес қосады деп ойлаймын. Жаңа заң азаматтардың бейбіт жиындар өткізуге конституциялық құқығын толық қамтамасыз етеді», – деді Қ.Тоқаев.

    Сонымен бірге мемлекет басшысы саяси партиялар туралы заң мен Қылмыстық кодекстегі өзгерістерді атап өтті.

    «Сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізетін құжаттарға қол қойдым. Біз парламенттік оппозиция институын енгіздік. Партияларды тіркеуге қатысты талап жеңілдетілді. Сайлауға түсетін саяси партиялар әйелдер мен жастар үшін 30%-дық квота бөлетін болады. Жала жабуды қылмыс санатынан алып тастау және Қылмыстық кодекстің 174-і бабын ізгілендіру жөніндегі нормаларға азаматтар барынша қолдау білдірді», – деді ол онлайн жиналыста.

    қатысты посттар

    “Жармахан Тұяқбаев елден жария түрде кешірім сұрауы керек…” – Тұрсын Жұртбай

    “Мінсіз монтаж жасап, ерекше еңбек етіпсіздер” Тазабеков көпшілікке тараған видеоға байланысты пікір білдірді

    Фариза

    “Дүңгендер қазақ тілін оқымаймыз, бізге өз тіліміз керек”, – дейді (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.