-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Аяғымен басынан тебеді»: қалталы азаматқа тұрмысқа шыққан келіншек көрген қорлығымен бөлісті

    Нұр-Сұлтан қаласында адамшошырлық оқиға болды. Өз күйеуінің тұтқынында болған әйел полицейлердің көмегімен аман қалды. Қалталы азаматқа тұрмысқа шыққан келіншек зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

    Ирина мен Самат 2017 жылы танысты. Ол кезде Ирина ажырасқан және 5 жастағы қызы бар еді. Тұрмысқа шыққан соң бала көтерді. Ұлы өмірге келгенде жолдасы да қатты қуанған. Алайда осы уақыттан бастап Самат өзгере бастайды. Әйелін қызғанып, ұрып-соғып, күн көрсетпейді.

    «Ешкімге хабарламамай-ақ қой, мен бәрін де сатып аламын» деген ұранмен ойына келгенін жасаған. Оның әкесі бизнесмен еді. Әкесіне сенген ұлы полициядан да, басқалардан да қорыққан жоқ. Үлкен қызына тиісе берген соң Ирина оны өз әжесіне жібереді. Өмірге екінші ұлын алып келеді. Бұл кезде Самат ұлын әкесіне береді. Ирина екінші сәбиін көріп те үлгермеген екен. Азапқа шыдамай өзіне қол жұмсамақ болғанда, дәрігерлер құтқарып қалады.

    Кезекті ұрып-соғу кезінде Ирина амалын тауып анасына қашып барады. Бұл кезде үлкен ұлы әкесімен қалады. Иринаға баласын көрсетпей қояды. Бір күні Самат Иринаның анасының үйіне келіп, екінші қабатқа көтеріліп, терезені сындырып кіреді. Иринаны шашынан сүйреп, көлігіне отырғызып алып кетеді. Бұл кезде анасы да, көршілері де араша түсе алмаған.

    Жол бойы Иринаны ұрып-соғып, айдалаға апарады. Шұңғырға жатқызып, таспен атқылайды. Аяғымен басынан тебеді. Ол аздай досының жұмыс орнына апарып, Иринаның саусақтарын кесіп тастамақ болады.

    Самат Иринаны алып досының жұмыс орнына келгенде соңына полиция түседі. Бұл кезде Иринаның анасы полицияға хабарлап үлгерген. Алайда Самат Иринаны досының көлігіне отырғызып белгісіз, екінші жолдасына қарай тартады. Жол бойы Иринаны ұрып-соғады. Бұл кезде Ирина ессіз күйге түскен.

    Ізін жасыру мақсатында ол Иринаны екінші жолдасының көлігінен отырғызып, жалдамалы пәтерге барады.

    Ертесі Саматтың әкесі келіп, оларды өз үйлеріне әкетеді. Саматтың әкесінің танысы полицей Ерлан Иринаны ешқандай зорлық болған жоқ деп айтуға көндіреді. Қысым жасай отырып, өз қалағандай айтқызады. Бұл кезде Саматты қамауға алады.

    Саматтың әкесі Иринаны ешкіммен сөйлестірмей, қақпағайлап тұрғанда мұны өзге бір полицей байқап қалады. Ол атасының қолынан Иринаны сүйреп шығарып, мән-жайды сұрайды. Осы кезде шындықтың беті ашылады.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, Саматқа қатысты іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 149-бабы 2-бөлігінің, 125-бабы 2-бөлігінің, 110-бабының 2-бөлігі, «Үйге заңсыз кіру», «адам ұрлау» және «азаптау» секілді үш бап бойынша қаралды.

    Иринаға екі баласы қайтарылды. Ол #НеМолчиKZ қоғамдық қорына хабарласып, бастан кешкенін айтты.

    Ирина біріншіден Саматтың қандай екенін көпшілікке айтқысы келеді. Оның жазаланғанын қалайды. Сонымен қатар Ерлан есімді полицейдің лауазымын пайдаланып қысым жасағаны үшін жауап беруін сұрайды.

    Сонымен қатар Байқоңыр, Есіл аудандық полицейлерге, әсіресе өзін құтқарған есімі белгісіз полицейге алғысын айтады.

    Жәбірленушіге қысым көрсетті деп болжанған полиция қызметкеріне қатысты тексеру жүргізілуде. Қылмыстық тергеу полиция департаменті басшылығының бақылауында.

    «Иринаға қазір психолог пен адвокаттың көмегі керек. Бұл оқиғаның соңы ауыр жағдайға әкелмей тұрғанда жұмылып, жұмыс істеп нәтиже шығарайық. Зорлық-зомбылық соңы әйелдің өліміне әкеледі», — деп жазды Немолчиkz.

    Дереккөз: Stan.kz

    қатысты посттар

    Шымкентте күдікті Полиция департаменті ғимаратында көз жұмды

    Фариза

    Маңғыстау облысында тұрғындар малға шөп орнына картон беруге мәжбүр

    Фариза

    «Азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!» — Ахметбек Нұрсила теріс бата берді

    Пікір қалдыру

    ten − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.