-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адам өліп кетуі мүмкін» Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат қаншалықты рас?

    Коронавирус індеті басталғалы бері еліміз айтып келмейтін апаттардың зардабынан көз ашпай келеді. Аты жаман індетпен күресіп, бүкіл халықты үйіне қамауға мәжбүр болған халық, су апатының әсерінен енді, тіпті, үйлерінің маңына да жолай алмай отыр. Бір-ақ сәтте 15 ауылды басып қалып, халықты барынан айырған бұл апаттың зардабынан халық дала мен мектептерді, туыстарын паналауға мәжбүр болуда. Әлеуметтік желілерде сол су басқан өңірлердің суреті мен видеолары жер-жерде тарап жүр. Ең қызығы 15 ауылды жайпаған топан су мешіттің маңайына да жолай алмаған екен . Тек мешіттің ғана су баспай аман қалғаны туралы айтып жұрт таңырқасып шулауда.

    Дегенмен, бұл сурет жалған болып шықты. Ауылды жайпаған су мешітті де басып қалған екен.

    Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілгелі бері, халық тарауық намазы былай тұрсын жұма намазын жамағатпен оқуға қол жеткізе алмай қалды. Ислам діні бойынша жамағатпен оқылған намаз абзалырақ деп саналады. Дегенмен, үйлеріне қамалуға мәжбүр болған халық бірінші рет тарауық намазын да, жұма намазында үйінде оқуға мәжбүр болып отыр. Жылда берілетін аста-төк ауызашар да жоқ. Жамағатсыз намазы өтпейтін мешіт қазір қаңырап бос тұр. Ал бүгінде бос қалған мешіттің айналасын құйын айналып, ішіне кіре алмай жүргендей бейне көрінді. Естеріңізге сала кетсек, осындан бірнеше күн бұрын Түркістан облысының Ордабасы ауылына қарасты Аққойлы ауылында дүлей дауыл соғып 17 үйдің шатырын ұшырып, талдарды түбімен қопарып әкеткен болатын.

    https://youtu.be/4TTI5rkNV4I

    Ал бүгін әлеуметтік желілерде: Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адамның жүрегі жарылып өліп кетуі мүмкін. Тек қана қорықпай үйдің ішіне кіріп, Алла өзің сақтай көр деп, тілді калимаға келтіріп, Құран сөздерін айтып отыру керек екен. Бұл шыққан қатты дауыстан көп адамның жүрегі шыдамай өліп кетуі мүмкін. Өте қатты, әрі қорқынышты дауыс келеді. Алла Тағаланың бір сынағы екен. Сол үшін сол күні лажы болса есік-терезені жауып, үйде отыру керек. Бұл жағдай Рамазан айының 15 күні болады екен, бірақ, нақты қай уақытта екені белгісіз. Қатты қорықпау керек, — деген үрейге бой алдырар ақпарат тарауда.

    Соған байланысты ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов бұл ақпараттың қаншалық рас немесе өтірік екендігіне жауап берді:

    «Елдің арасына хабарлар тарап жатыр. Олар Пайғамбарымыздың атына жала жауып отыр. Ол кісінің атынан сөйлеп жатыр. Бір жыл болады, сол кезде мұсылмандарға қатты қиын болады дейді. Бұл хадис Пайғамбарға жала жабылып жатқан хадис. «Рамазанның бірінші күні жұмасына тура келеді, Оразаның 15 күні аспаннан қатты дауыс келеді, дауысты естігенде есіктерді жабыңдар, сәждеге жатып құлшылық қылыңдар, сонда құтыласыңдар. Сондай-ақ екі дауыс келеді, оның біріншісі Жәбірейіл (а.с) даусы, екінші дауыс шайтанның даусы, осы уақытта үйден шықпай отырыңдар деген сияқты хабарларды таратып жатыр. Қанша адам өліп кетеді, соқыр болып қалады, мылқау болып қалады», — дейді.

    Құрметті жамағат, қазақ халқы — сауатты халық. Мұндай хабарларды естіген соң, бірден әлеуметтік желілерге салып таратқанша, бірінші сұрау керек. Құран Кәрімде Алла Тағала: Білмесеңдер, білгендерден сұраңдар, — дейді. Осындай ақпараттарды таратудан алдын бір хабарласып сұрасақ болады ғой. Бүкіл облыста, бүкіл жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Олардан осындай хадис бар ма, жоқ па нақтылап алу керек. Құран Кәрімде де: Бір пасық адам ақпарат таратқан болса, оның бірінші рас-өтірігіне көз жеткізіңдер, әйтпесе, бір елге білмей кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер, — делінген. Бір хабар келген кезде оны анықтап алу керек. Ислам дінінде өтірік айтудың өзі күнә. Ал Пайғамбардың атынан өтірік айту ол өте үлкен күнә. Сондықтан, бұл нәрсеге сенбеңіздер. Ондай ақпараттар келсе, бірінші дін өкілдерінен сұраңыздар!

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    Шымкентте көпбалалы аналар әкімдік ғимараты алдына түнеді

    Фариза

    «Зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі» Министр 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетінін айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.