1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Халық шырылдап аштан қырылғанда жауаптылар карантин деп демалыста жатыр? Тоқаевтың тапсырмасы неге бюрократияга айналды?

    Жуырда карантиннің әсерінен жұмыссыз қалған азамттарға 42 500 теңгеден беру туралы Тоқаев тапсырма берген болатын. Кредиттың азабы мен бір айлыққа қарап күн көріп отқан халық бүгінгі күні сол 42 500 теңгеге де жете алмай отқан жайы бар. Әлеуметтік желіде Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығында халықтың тиісті өтем ақыға қол жеткізе алмай айқайлаған жан айқайы тарады.

    https://www.facebook.com/groups/ardager/permalink/760824567777313/

    42 500 теңгеге байланысты жақында ақпарат министрі Дәурен Абаев қандай құжаттар керек екендігін айтқан болатын. Тұрғындардың айтуынша ол анықтамаларды алатын мекемелер былай тұрсын, тіпті, Алматы қаласының әкімдігінің өзі карантинге кеткен.

    Халыққа қызмет көрсету орталығының айтуы бойынша 42 500 теңгені алу үшін 2 айлық зейнеақы қорында ақша болу керек. Ал ондай қор болмаса үкіметтен бір тиын да ала алмайсың. Жқмысынан да, айлығынан да айрылып күнін әрең көріп отқан халық енді тіпті үкіметтің 42 мың теңгесіне де жете алмай отыр.

    Әкімшілік пен Сағынтаевты орнынан таппаған тұрғындар енді Назарбаев пен Тоқаевтың өздері келіп бұл мәселені шешуін талап етіп отыр.

    Бүгінгі күні жабық тұрған әкімшілік, халықты аш-жалаңаш қалдырған басшылар тіпті Президенттің де тапсырмасын елемейтін жағдайға жеткен көрінеді. Тыңдар құлағы жоқ билік тұрғанда, халық мұндай жағдай енді кімге барып алақан жайарын білми отыр.

    Неліктен біздің елде Президенттің тапсырмасы берілген бойда нақты орындалмайды? Коронавирус елімізге келіп карантиннің орын алғанына көп уақытта өткен жоқ. Соның өзінде халық шырылдап, бір тиынсыз қалды. Бұл бүгінгі күннің көрінісі. Ал дәл қазір шешімін таба алмай жатқан бұл мәселе екі-үш аптадан кейін қандай жағдайға айналмақ? Халықтың аштан қырылғанын күтіп отыр ма әлде? Видеодан байқағанымыздай бір емес екі емес 100 деген адам қайда барарларын білми, кімнен әділдікті талап етерлерін білми, тіпті жауаптылардың да өзін таппай сандалуда.

    Біздің елдің басшылары жоқ әлде тек халықтың жаны алқымына тірілгенде ғана қимылдайды ма? Онсызда індеттен үрейі ұшып отырған халықты, енді басшылар аштан өлтірмек пе?

    қатысты посттар

    Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

    Фариза

    Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып, ауруханада жатыр

    Фариза

    Өз үйінің ауласында той жасаған түркістандық енді заң алдында жауап береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.