Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    «Қатал санитарлық» тексерістен кейін, қызуы бар адам Шымкентке автобуспен қалай жетті? Шымкенттің қазіргі жағдайы қалай? (фото, видео)

    Күні кеше Шымкент қаласында бір адамнан коронавирус анықталған болатын. 24 жастағы жігіт Нұр-Сұлтаннан Шымкент қаласына 20 наурыз күні келген. Бүгін Шымкент қаласына кіретін жолдарды полиция және аурухана қызметкерлері жауып, тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Шымкент қаласына кіретін жол дәл қазіргі таңда кептеліс болып тұр. Дегенмен полиция мен аурухана қызметкерлері барлық машинадағы адамдарды тексеріп жатқан жоқ. Маскасы жоқ адамдарға полиция қызметкерлері маска таратып жатыр.

    Тұрғындардың айтуынша, коронавирус анықталған жігіт Түркістан облысы Жетісай қаласының тұрғыны. Қазіргі таңда ол келген автобусты оқшаулауға алып, екі жүргізушіні тексеруге алып кеткен.

    Бүгін елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны 79-ға жетті. Нұр-Сұлтан қаласында-41, Алматыда-31, Қарағанды облысында-2, Жамбыл облысында-1, Шыментте — 1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1.

    қатысты посттар

    Думан Айтжановтың құпия жағдайы: Өздеріне жақпайтын сұрақ қойсаң, бір-біріне сілтей жөнелетін жауаптылар не жасырып отыр

    Фариза

    Өскеменде полиция басқармасының басшысы коронавирустан қайтыс болды 126

    Фариза

    Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.