Пятница, 16 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды

    Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатқан ұшақ Қарағанды әуежайына қонды. Бұл ақпаратты  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі растады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    «Бүгін Минсктен ұшып келген ұшақ таңғы төртте Қарағандыға қонды. Үкімет осындай тапсырма берді, біз оны орындадық. Бортта 67 адам болған, олар карантинге алынды», — деп мәлімдеді министрліктен.

    19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

    18 наурыздағы дерек бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 35 адамды құрады. Оның он сегізі – Нұр-Сұлтанда, он жетісі – Алматы қаласында.

    16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды, режим отыз күнге созылады.

    Беларусьте қазіргі уақытта 51 адам коронавирус жұқтырған.

    қатысты посттар

    Алматыда коронавирустан қайтыс болғандар зиратында жерленген мәйіттер саны ресми деректен үш есе көп

    Фариза

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: коронавирустың «дельта» штамының салдары ауыр болуы мүмкін

    Фариза

    Жамбыл облысында 38 мониторингтік топ жұмыс жасауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.