-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Ешқандай симптом болмаса да, Германиядан келген 2 қазақстандыққа неліктен тест жасалды? Іс пен сөз сәйкеспей қалды

    Италиядан келген алматылық Әдемі Найман Қазақстандағы коронавирустың диагностикалық тексеру әдістеріне сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Әдемі Найман Алматыға 8 наурызда Италиядан ұшып келген, қазіргі таңда аталған мемлекет Еуропада коронавирустың таралу ошағы болып саналады. Қазіргі кезде қыз үйде карантинде жатыр. Оның айтуынша, үйге келгеннен кейін оны коронавирусқа шалдыққаны не шалдықпағанын  анықтауға тырыспағанын айтады.

    Сондай-ақ, Әдемі шекарада және карантинде қалай тексергенін айтып берді. Оның айтуынша, бетперде киген адамдар температураны тексеріп, соңғы 14 күнде болған жерін көрсету керек анкетаны толтыруды ғана сұрайды.

    «Бұл жерде олар менің Италиядан келгенімді білмеуі де мүмкін, егер өзім айтпаған болсам», — деді Әдемі.

    Ия, бұл бүгінгі таңда коронавирус өршіп тұрған Италиядан келген қыздың айтқаны. Байқап отырғанымыздай коронавирусқа байланысты тексеріс айтарлықтай қатаң өтіп жатыр деп айту қиын.

    Ал бүгін елімізде Германиядан келген 2 қазақстандықтың коронавирусқа шалдыққаны туралы хабарлады.

    Осы тұста екі бірдей үлкен сұрақ туындайды:

    1. Qazweek.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласындағы аурухана қызметкеріне хабарласып, өзіңнің коронавирусқа шалдыққаныңды не шалдықпағаныңды білу үшін қайда барып тексерілу керек екендігін сұраған еді.

    «Егер сенде коронавирусты жұқтырғаныңды білдіретін арнайы симптомдары болмаса, яғни температура 39 градустан жоғары болмаса, жөтел болмаса, сіз өздігіңізден келіп тест тапсыра алмайсыз», — деп жауап берді аурухана қызметкері.

    Егер де адам өзі барып тест тапсыра алмайтын болса, онда бүгінгі Германиядан келген екі қазақстандықтың коронавирусқа шалдыққанын қалай анықтады?

    Тіпті, коронавирус анықталған деген 2 қазақстандықта ешқандай симптом болмаған. Яғни олар өздері ауырмайды, тек ауру таратушы ретінде қалады. Ешқандай симптом  болмаса, коронавируске шалдыққан  адамды қалай тапты, егер, тіпті Италиядан келген адамдардың өзін тек температураны өлшеумен ғана шектелген болса?

    1. Коронавирустың әлем елдерінде өршігені соншалық, тіпті барлық дерлік ел әсіресе шет елге шығатын адамдарды тексеріссіз жіберуі мүмкін емес. Сонда Германиядан тексерістен аман-есен өткен қазақстандықтар елге келгенде коронавируске шалдығып түскенін қалай түсінуге болады?

     

     

    қатысты посттар

    Алматыда сегізінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Назарбаев туралы мақала жазған қазақ журналисі сотталуы мүмкін

    Фариза

    Ақжарқын Тұрлыбайдың шешуші соты қашан болатыны белгілі болды

    Пікір қалдыру

    18 + 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.