23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    ҚР СІМ қазақстандық сот төрағасының Германияда коронавирус жұқтырғанын растады

    Yyedilov телеграм арнасының хабарлауынша, коронавирусқа шалдыққан азаматтың бірі Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев. Бұл ақпаратқа қатысты ҚР СІМ пікір білдіріп, Германияда қалалық сот төрағасы Тілектес Бәріпбаевтың вирусты жұқтырғанын растады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Германиядағы қазақстандық дипломаттың біріне ата-анасы қонаққа барған. Олар Еуропада жеке шаруаларымен сапарда жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінің коронавирус жұқтырғаны анықталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы жақсарып, бөлек палатадан ортақ палатаға көшірілді. Оның жары мен баласы үй жағдайындағы карантинде отыр, әрі неміс дәрігерлерінің бақылауында” – деп айтып өтті ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

    Алайда, дәл қай дипломат жайлы айтылғанын мәлім етпеді.

    Ол вирусты Берлинде жұқтырған. Тілектес Бәрпібаев Германияға дипломат ұлын көруге барған. Бұған қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баспасөз-конференциясында айтып өтті.

    Uzynqulaq телеграм арнасының жазуынша, Бәрпібаев бизнес санаттағы жеке ұшақпен ұшқан. Оның жанында болғандар, эпипаж мүшелеріне дейін карантинге жатқызылған.

    Тілектес Бәрпібаев Алматы облысы Жамбыл ауданы Қастек ауылының тумасы.

    Жамбыл аудандық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының төрағасы, ЮҚО сотының төрағасы, Алматы қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

    қатысты посттар

    Алексей Цой ауылдарда коронавирусты анықтайтын ПТР тесттерді жасауға мал дәрігерлерін тартуды ұсынды

    Фариза

    “Вакцинациядан кейін темекі тартуға болмайды”. Дәрігер ескерту жасады

    Фариза

    “Әкеміздің өлімін жасырып отыр” Ауруханада шу шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.