-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қорғаныс министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп өнеркәсібі өзара қалай әрекет етеді?

    Соңғы уақыттағы киім-кешекпен қамтамасыз етуге қатысты жаңалықтар мен мақалалардың шығуына қатысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі төмендегіні хабарлағысы келеді.

    1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін киім-кешекпен қамтамасыз ету жайын айтып өтсеңіз?

    Әскери қызметшілерді киім-кешекпен қамтамасыз ету 90 жылдары және 2000 жылдардың басында шектеулі қаржыландыру жағдайында жүзеге асырылды. Осыған байланысты қамтамасыз ету Кеңес Одағы типіндегі «НЗ» меншігі есебінен жүзеге асырылды. Бұл ретте заттай мүлікпен қамтамасыз ету жүйесі экономиканың даму дәрежесіне және мемлекеттің мүмкіндіктеріне тікелей тәуелді екенін атап өткен жөн.

    Еліміздің экономикалық өсуіне, сондай-ақ Жоғарғы Бас қолбасшының Қарулы Күштерге үнемі назар аударуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының жұмысында киім-кешек жабдықтарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай өзгерістер болды. Біріншіден, бұл киіммен қамтамасыз ету қажеттіліктерін қаржыландыру көлемінің ұлғаюына әсер етті.

    Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердің қажеттіліктеріне арналған киім-кешек өндірісі мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңына сәйкес орындаушыларды таңдау және киім-кешек мүлкін жеткізуге келісім-шарттар жасау уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелген.

    Өз кезегінде Қорғаныс министрлігі киім-кешек мүліктерінің тек негізгі тұтынушысы болып табылады және жеткізілетін мүліктің қажеттілігін (санын) және сапа параметрлерін анықтайды. Бұл конкурстық рәсімдерді одан әрі ұйымдастыру үшін қорғаныс ведомствосы әзірлейтін, индустрия және сауда министрлігіне жіберілетін техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі. Қорғаныс министрлігінің өзі ешкіммен ешқандай келісім немесе келісім-шарттар жасамайды.

    Конкурстық рәсімдер жүргізілгеннен және заттай мүлікті дайындағаннан кейін киім-кешек Қорғаныс министрлігі мәлімдеген талаптарға сәйкес қабылдап, одан әрі ҚР ҚК әскри бөлімдерге жеткізіледі.

    Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының бір бөлігі ретінде әскери мүліктің басқа түрлері (қару-жарақ пен әскери техника, оқ-дәрілер) сияқты заттай мүлік МТК шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен арнайы құрылған алқалы органдарда қарастырылады.

    Қару-жарақтың түрлері мен саны, сондай-ақжеке құрамның саны туралы ақпараттың едәуір бөлігі қызметтік сипатқа ие болғандықтан, оған тікелей қатысы бар адамдар ғана қол жеткізе алады.

    2. Қазақстандық әскери қызметшілердің киім кию нысаны қалай өзгерді?

    Негізгі дәстүр бойынша әрбір әскердегі тәртіп сынды қасиеттерді тәрбиелеу әрқашан киім нысанынан басталған. Сол себепті Қарулы Күштерде әскери киім нысанына ерекше көңіл бөледі. Таза әскери сипаттағы функцияларды орындаумен қатар ол әскери қызметшіні тәртіпті, ұқыпты, жинақы болуға міндеттейді

    Соған қарамастан әскери киім нысаны мен аяқ киім Қарулы Күштердің міндеттеріне сәйкес болуы керек.

    Қорғаныс министрлігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп әскери киім нысаны мен аяқ киім және құрал-жабдықтарды жақсарту бағытында үнемі жұмыс жүргізіп келеді.

    Әскери киім нысанын әзірлеу кезінде өткен жылдардағы әскери қызметшілердің киім үлгісіне талдау жасалады, халқымыздың бай мұрасы, қазіргі заманның талаптары мен шет елдердің озық тәжірибелері зерделеніп, еліміздің климаттық жағдайлары ескеріледі.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері халықаралық іс-шараларға қатысатынын ұмытпау қажет. Бұл бірлескен оқу-жаттығулар, халықаралық жарыстар және бітімгершілік іс әрекеттері. Осыған байланысты әскери қызметшілердің киім-кешек нысанына шетелдік өкілдер тарапынан ерекше көңіл бөлінеді.

    Бұл жағдай біздің мемлекет туралы жалпы түсінік қалыптастырып, ел имиджінің құрамдас бөлігі болып табылады.

    2011 жылы Қорғаныс министрлігі «Құралай Нұрқаділова» авторлық үйімен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген бүгінгі күні өзекті болып табылатын киім нысанын әзірледі.

    Әскери қызметшілердің киім-кешектері үшін заманауи және позитивті болып табылатын жаңа түсті гаммалар қолданылды:

    Құрлық әскерлерінің қою жусан түсті киім нысаны бай өлкемізді бейнелейді;

    Әуе қорғаныс күштері әскерінің көк түсті киім нысаны қорғаныстағы ашық аспанды көрсетеді;

    Қара түсті Әскери-теңіз күштерінің киім нысаны Әскери-теңіз күштерінің көп ғасырлық дәстүрлерінің негізінде жасалған;

    Жоғары офицерлер құрамының салтанатты киім–кешегіндегі кесте дизайны лаврдың ұлттық қазақ ою-өрнегімен үйлесуі біріктірілген, бұл киім-кешек Еуроазиялық сипатқа ие.

    Жауынгер киімінің ыңғайлылығы ол күнделікті және жауынгерлік міндеттерді табысты орындаудың маңызды шарты болып табылады, сондықтан дизайнерлер мен киім әзірлеушілер әскери киім нысанын үнемі жетілдіріп отырады. Өндірістің жаңа технологияларын пайдаланып, әмбебап жиынтықтарды әзірлейді және жаңа үлгілерді сынайды. Қазіргі кезеңде күнделікті қызметтің, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді орындаудың жағдайлары тез өзгеретіндіктен, киім-кешектежаңа өзгерістерді талап етеді. 9 жыл бұрын енгізілген пішінге назар аудара отырып, киімніңдизайны да және функционалдылық тұрғыдан да ескірген болуы мүмкін. Егер қажет болса, түбегейлі өзгерістер жүргізілетін болады.

    3. Киім нысанының сапасын жақсарту бойынша қандау жұмыстар атқарылуда?

    Ең алдымен, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын заттай мүліктің тұтынушылық қасиеттерін зерттеу мақсатында киім-кешек үлгілеріне тұрақты негізде практикалық сынақ жүргізіледі.

    Әскери киім нысанан жүзеге асыру мақсатында Тыл және қару-жарық бастығы басқармасы мен әскери киім-кешектің жетекші өнірушілер арасында кездесулер өткізіледі. Атап айтқанда, «YDS» (Түркия), «БТК групп» (Ресей), «HAIX», «LOWA», «Allmulticam» (Германия)-мен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды. Кездесулер қорытындысы бойынша талдау жүргізіліп, белгіленген тәртіппен енгізу үшін отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына ұсынылатын,далалық киім нысанын жетілдіру перспективалары бойынша ұсыныстар әзірленді.

    Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі отандық әскери киім үлгілерінің өндірушілермен бірлесіп заттай мүліктің сапасын жақсарту, дамыған шет елдердің озық тәжірибесін ескере отырып, қазіргі заманғы талаптарға сай үлгілерді жасау мақсатында ұлттық стандарттарды әзірлеу және жетілдіру жөнінде үнемі жұмыс жүргізуде. Тек соңғы 3 жылда шамамен 100 стандарт. 2017 жылы заттай мүлік заттарына 47 жаңа ұлттық стандарт, 2018 жылы 23 стандарт, 2019 жылы тағы да 28 стандарт қолданысқа енгізілді. Осы стандарттардың көпшілігінде заттай мүлік заттарының бірнеше атаулары бар, бұл жалпы алғанда, халықаралық стандарттар болған кезде сатып алынатын заттай мүліктің көп бөлігін қамтиды. Аталмыш бағыттағы жұмыс жалғасуда.

    4. ҚР жеңіл өнеркәсібін дамытуғаҚорғаныс министрлігіне қандай рөл берілген?

    Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер үшін заттай мүлікті пайдаланатын негізгі тұтынушылардың бірі болып табылады.

    Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы бүгінгі таңда отандық өніммен 100% қамтамасыз етілген әлеуетті органдардың бірі.Осылайша, 2016 жылдан бастап, заттау мүлікті сатып алудағы техникалық ерекшеліктері тікелей отандық мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы кәсіпорындармен, олардың өндірістік мүмкіндіктерін ескере отырып,әзірленіп және келісілді.

    5. Соңғы жылы тоқтатылған Қорғаныс министрлігінің отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді келісім-шарты туралы не айта аласыз?

    Бұл дәйексіз ақпарат. Қорғаныс министрлігі ешқандай келісім шарт жасаған жоқ және жасамайды.

    Заттай мүлікті жеткізудің ұзақ мерзімді 5 жылдық келісімшартына қатысты айтарымыз, аталмыш келісім-шарт 2016 жылы сол сәтте бірыңғай мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау операторы болаған «Қазақстанинжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Жасампаз» отандық өндірушілер консорциумы арасында жасалды. Қорғаныс министрлігінің қажетті барлық өнімдер жасалған келісім-шарт аясында отандық өндірушілермен жеткізілген.

    2019 жылғы қабылданған ҚР «Қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы» туралы заңына сәйкес 2020 жылдан бастап мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың бірыңғай операторы институты жойылды, және Қорғаныс министрлігі заттай мүлікті жеткізу мәселелері бойынша тікелей уәкілетті органмен, яғни ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен жұмыс істейді.

    Бүгінгі таңда барлық даулы мәселелер заңнамалық реттеуді талап етеді.

    Қорғаныс министрлігі кейбір БАҚ-та көрсетілгендей ешқандай келісімшарттардың күшін жойған жоқ. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі «Azala Textile»ЖШС компаниялар тобының бақылау кеңесінің басшысы Бауыржан Жамаловқа БАҚ арқылы жалған ақпаратты таратып, қорғаныс ведомствосының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үшін талап-арыз берді. Сонымен қатар, «Azalea Textile» компаниясының қаржылық жағдайын біле отырып, осы кәсіпорынның қызметкерлері зардап шекпеу үшін Қорғаныс министрлігі өзінің моральдық залалын 0 теңгеге бағалады.

    Содай-ақ, өткізілген реформа мен оңтайландыру аясында Қорғаныс министрлігітұрақты түрде әлемнің жетекші елдеріндегі қарулы күштердегі материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін зерттеуде, оның ішінде ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу мәселелері де бар.

    Ресей Федерациясында мемлекеттік қорғаныс тапсырысы ұзақ мерзімге «БТК групп» компания тобына берілгені бізге мәлім. Мұндай стратагиялық әріптестікте жағымды да, жағымсызда жақтары бар. Басқа мемлекеттің Қарулы Күштерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінің барлық элементтерін толық көшіру дұрыс емес. Бұл ретте, мұндай ұзақ мерзімді қатынастар жүйесін қолдану мүмкіндігін жан-жақты зерделеу және қазақстандық жағдайларды ескеретін шаралар кешенін әзірлеу қажет. Оның ішінде жеткізілетін өнімнің «баға-сапа» арақатынасын қажетті деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір бәсекелестік ортаны қолдау қажет.

    6. Сіздің ойыңызша, ҚР ҚМ қажеттіліктері үшін жеткізілетін мүліктегі қазақстандық қамту деңгейін қалай арттыруға болады?

    Бұл сұраққа жауап бере отырып, Қарулы Күштер және тұтастай алғанда, елдің күш құрылымдардың барлығы қару-жарақ пен әскери техникадан бастап түрлі өнімдерді сатып алатынын атап өткім келеді. Әлемде өз өндірушілерінен ғана сатып алуға бағдарланатын немесе бағдарлауға тырысатын елдер көп емес. Қару-жарақ пен әскери техникаға қатысты Қазақстанда өндірілетін маңызды номенклатураны анықтауымыз керек. Ең алдымен, шығыс материалдары туралы айтукерек. Бұл экономиканың объективті заңдарымен негізделген – біздің жинақы, саны аз әскердің тапсырыстары қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық жүктейалмайды. Кәсіпорын өндірісті дайындауға арналған өз шығындарын міндетті түрде шығару көлеміне бөлуді да ұмытуға болмайды.  өндірісті дайындауға жұмсалатын өз шығындарын кәсіпорын міндетті түрде шығару көлеміне бөледі. Басқаша айтқанда, сатып алу көлемі неғұрлым көп болса, өнім бірлігіне шығындар үлесі соғұрлым аз болады. Сондай-ақ, әлемнің барлық елдерінің қарулы күштері ең төменгі бюджет шығындарымен қару-жарақтың ең үздік жауынгерлік сапасын қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, бірінші кезекте «құны/тиімділігі»критерийін басшылыққа алатынын ескеруіміз керек. Сондықтан Қазақстан бұл тұрғыда ерекше болып табылмайды.

    Тоқыма өнеркәсібіне келетін болсақ, бүгінгі күні, өкінішке орай, әскери киім өндіруге қажетті жекелеген материалдар (атап айтқанда, арнайы бөлімшелер үшін) ҚР өндірілмейді немесе сапасы төмен сипаттамалармен өндіріледі.

    Сондай-ақ, қызмет түрі бойынша Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығы ең алдымен қорғаныс қабілетіне және Қарулы Күштерді неғұрлым сапалы және тиімді әскери мүлікпен қамтамасыз етуге қамқорлық жасауға міндетті екенін ұмытпау керек, бұл «халық қаражатын жинай отырып» деп аталады.

    Әскер – отбасы мүшелерімен бірге бірнеше жүз мың адамды қамтитын қоғамның бір бөлігі. Олардан шағым түскен кезде біз шаралар қабылдауға міндеттіміз. Бұл біздің жас отандастарымыз емес пе.

    Отандық өндірушілер жеткізетін заттай мүліктің сапасы, қойылатын талаптарға әрдайым сәйкес келе бермейді. Жекелеген заттарда матаның беріктілігі жеткіліксіз болып жатады.

    Осыған байланысты, отандық шикізатты өнімдердің құрамы мәселесі Қорғаныс министрлігіне ғана емес, отандық өндірушілердің өздеріне де қатысты.

    7. Қорғаныс министрлігі мен жеңіл өнеркәсіп өнеркәсібі өзара қалай әрекет етеді?

    Қорғаныс министрлігінде тікелей мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыларменшарттық қатынастардың болуына қарамастан, Қорғаныс министрлігінің басшылығымен, сондай-ақ киім-кешек қызметінің мамандарымен заттай мүліктің сапасын жетілдіру және жақсарту жөніндегі, сондай-ақ оны стандарттау бойыншатығыз бірлескен жұмыс жүргізілуде.

    Бұдан басқа Қорғаныс министрлігінің басшылығы мерзімді түрде отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен жиналыстар мен кездесулер өткізеді. 2019 жылы Қорғаныс министрі «Жасампаз»консорциумының және басқа да кәсіпкерлердің көшбасшысы болып табылатын, «Astana Ютария ltd» ЖШС-нің өндірісіне танысу сапарын өткізді.

    Сонымен қатар, келісім мен өзара келісім бойынша 2019 жылы отандық өндірушілерден «Жасампаз» КОП арқылы полиуретанды жабынды қолданылған 10 000 тәжірибелік қысқы киім-кешек сатып алынды, ол ағымдағы жылы тәжірибелік пайдаланудан өтіп жатыр. Қорғаныс министрлігі осы материалды сатып алудан бас тартпайды және 2021 жылы заңмен ұйғарылғандай, тәжірибелік кию аяқталып, анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін оны әскерлерді қамтамасыз ету үшін пайдалануды жоспарлайды. Сонымен қатар ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізілетін болады.

    Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарымен бірлесіп әскери нысанды жетілдіру, киеген кездегі жайлылығын арттыру және басқа да сапалы сипаттамаларды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде заттай мүліктің тұтынушылық және өнеркәсіптік қасиеттерін ескеретін техникалық ерекшеліктер әзірленеді.

    Осыған байланысты отандық кәсіпорындарға Қорғаныс министрлігінің атына әскери киім нысанын жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен әзірлемелерін жіберу, сондай-ақ осы бағыттағы бірлескен жұмысты жалғастыру ниетін растау ұсынылды.

    қатысты посттар

    Елордаға Қызылордадан 300 тонна өнім жөнелтіледі

    Фариза

    Алматыда бизнесті рейдерлік жолмен тартып алумен айналысқандардың есімі жарияланды 

    Ауыр қаза… “Balapan” арнасы бір балапанынан айырылды

    Пікір қалдыру

    fourteen + 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.