-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Жаман үйді қонағы билейді» Алматыда Барахолка маңында қазаққа мүлде қатысы жоқ Дүнген батырының атына берілген көше бар екенін білесіз бе?

    Алматы қаласы Барахолка маңында Дүнген халқының құрмет тұтқан батыры Биянхудың атына көше аты берілгенін білесіз бе? Иә, жуырда Қордайдағы Масаншы ауылында болған дүнгендермен болған қақтығыстан кейін дәл осы Алматыдағы дүнген батырының есімін көше атауынан алып тастауды халық талап етуде, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Ендеше, бірінші,  Биянху шын мәнінде кім болған, соған тоқталып өтейік:

    Мұхаммед Аюб Биянху (сонымен бірге Бо Янгху) 1830 ж. 25 мамыр — 1882 ж. 26 шілде аралығында өмір сүрген дүңген батыры.  1862-1877 ж.ж. Цинь Қытай үкіметінің қысымына қарсы дүнгендер (ХуйЗу халқы) күресінің жетекшілерінің бірі, 1868 ж. Ол Дүңген көтерілісшілерін басқарды. Халықтың қойған лақап аты «Жолбарыс».

    1882 жылы өкпе қабынауынан Қырғызстанда Бішкекте қайтыс болған.

    Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Биянхудың өз әке-шешесі мен әйелін, тіпті балаларын өлтірген жауыздығын да айтады. «Барахолка жақта Биянху дейтін көше бар. Басында соның атын оқығанда таң қалып, дүнгендердің бір батыры екенін кейін білдім. Қазақстанда өмірі дүнгеннің батыры болмаған еді, бұл қайдан шыққан батыр деп қайран қалғаным да рас. Сөйтсем, ол Биянху — Қытайдағы дүнген көтерілісі кезінде соларды бастап, бір өлкедегі қытайдың 90 пайызын қырып тастап, жауыздығымен қытайдың өзінің жағасын ұстатқан адам екен. Онымен қоймай көтеріліске шыққандарды біржола бағындырып алу үшін өзінің әйелін, әке-шешесі мен бала-шағасын да елдің көзінше өз қолымен бауыздап өлтіріпті. Сосын дүнгендерге қарап тұрып, «Міне, мен ешкімнен қорықпаймын. Сендер де мен секілді істеңдер» — деп соғысқа үгіттеген екен. Шың үкіметі кейін әскер шығарып дүнгендерді басып тастайды да, босатып жібереді. Содан олар Шығыс Түркістанға қарай қашып барып, біраз уақыттан соң сондағы қазаққа, ұйғырға, қырғызға тиісе бастайды. Ең ақырында онда да тұрақтай алмай, бір тобы Қырғызстанға, енді бір бөлігі — Шу жаққа қарай өтіп кетіпті. Қазақстанға келгеннен кейін де тыныш жатпай, бір көшеге өздері батыр санап жүрген осы Биянхудың атын береді. «Жаман үйді қонағы билейді» дегендей, Қазақстанға түк қатысы жоқ қайдағы бір келімсектің аты «Барахолканың» маңында осылай пайда болыпты. Қордайдағы қақтығыстан кейін ең бірінші істелетін жұмыс – Биянху мен Масаншы дегендердің атын көшеден алып тастап, оның орнына өз қаһарманымыз — Оспан батыр мен Зұқа батырдың атын беру керек. Қайда жүргенін естеріне салып қойып, шаңыраққа қарап жүруі үшін!», — деп жазады Истаграм әлеуметтік желі қолданушысы.

     

    «Сонымен қатар барахолканың артындағы Цунвазо, Фрунзе, Дунганская, Биянху көшелерінің атын ауыстырсын. Биянху тіпті Цин империясына қарсы күрескен батырлары, Қазақстанға еңбегі сіңбеген. Сонда қалай болды? Біздің елімізге еңбегі сіңбеген, еңбек тері төгілмеген, кіндік қаны да тамбаған адамға не үшін көше атауын берді??? Дұнған халқының рухын көтеріп, батыр аталарын еске салу үшін ба?», — дейді әлеуметтік желі қолданушысы.

    Сондай-ақ, белгілі экономист Дәулет Төлеутай Жамбыл облысындағы, сонымен қатар Алматыдағы Масаншы атауын да өзгертуге ұсыныс тастады. Оның орнына қазақтағы белді адамдардың есімін беру керектігін айтты.

    Расында, Қазақтың жерінде тұрып әлі күнге есімдері бірде-бір көшеде кездеспейтін қазақтың қанша батырлары, өнер адамдары жеткілікті. Бірақ, оның орнына қазақтың жеріне қаны да еңбегі де сіңбеген өзге ұлт өкілінің адамдарына құрметтеп көше атауын беру дұрыс па? Елорданың атауын бір-ақ күнде өзгерткен басшылардың халықтың наразылығына ұшыраған бұл атауларды қанша уақыттан бері өзгерте алмауына не кедергі?

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Жолдас Назарбаев, Тоқаев, заттарыңды жинаңдар да, Қазақстан жерін босатыңдар — Ресей депутаты

    Фариза

    «Менің өз билігіме түкіргенім бар, біз Ресейге қосылмаймыз!» — Президент

    Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.