-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ермекбаев Арыстағы жарылыс кезінде қаза тапқан майордың отбасына көңіл айтты

    Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің қажеттілігін ескере отырып,  Петропавл ауыр машина жасау зауытымен және С.М. Киров атындағы зауытпен бірге келешектегі арнайы өнімді өндіру мүмкіндіктерін қарастыруда.

    Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаеваталған зауыттар жұмысымен танысып,кәсіпорындар басшылығымен кездесті. Онда өндірістік қуат жүктемесін және өнім жеткізуді арттыру мәселелері талқыланды.

    ПАМЖЗ – арнайы өнімнің, көпбейінді өндірістік қуаты бар мұнай-газ, энергетикалықжәне темір жол жабдығының қазақстандық өндірушісі саналады.

    С.М. Киров атындағы зауыт электртехникалық өнімнің, байланыс құралдарының, қауіпсіздік жүйелері мен арнайы мақсаттағы өнімніңөндірісіне маманданады.

    Одан басқа, Петропавлға жұмыс сапары шеңберінде Қорғаныс министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеусаласындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. Аталғанмеморандум бірлескен іс-шараларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға, әскери-патриоттық тәрбие саласында ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, қорғаныс министрі 2019 жылғы күзде Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою кезінде қаза тапқан                            майор Ақышевтың ата-анасымен кездесті. Ол марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, әкесіне І-ші дәрежелі «Ел қорғаны» медалін табысетті.  

    Естеріңізге сала кетейік, «Ел қорғаны» ведомстволық медалі 2017 жылдан бастап үлгілі қызметі мен мемлекет қорғанысына салмақты үлес қосқан әскери қызметшілерге беріледі.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында Қазалы ауданындағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

    Фариза

    Қызылордада облысында карантин режимі күшейтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.