Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елімізде бала үш жасқа толғанша жәрдемақы берілуі мүмкін

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ұсыныс әзірге тек министрлік ішінде қаралып жатқанын мәлім етті. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық рухының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    «Еңбек министрлігі бала күтіміне берілетін жәрдемақыны өсіру туралы бастама көтергісі келеді. Қазір ондай жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ғана төленеді. Біз бала бір жарым немесе үш жасқа  толғанша жәрдемақы төлеуді созу мәселесін көтеріп, тиісті есептеулер жүргізіп жатырмыз. Бұл қисынды болар еді. Қазір елімізде 387 мың ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алады», — деді ол.

    Айта кетейік, Қазір Қазақстанда босанған әйелге баласы бір жасқа толғанша мемлекеттік  жәрдемақы (ай сайын 16 мың теңге шамасында — авт) және жұмыс істеген аналар үшін бұрынғы жалақысының 40 пайызы бала бір жасқа толғанша ай сайын жәрдемақы ретінде төленіп отырады.

    қатысты посттар

    Алматы облысы білім басқармасының басшысы қамауға алынды

    Фариза

    БҚО-да далалық жер мен орман отқа оранды

    Фариза

    Қызылордада коронавирус жұқтырған 100 медицина қызметкері шипажайда демалады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.